Жоғары медицина колледжі студенті:

- колледж миссиясын жүзеге асыруға өз жауапкершілігін ұғынып;

- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының орта буынды медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді дайындаудың басты бағытының бірі ретінде Жоғары медицина колледжінің корпоративті мәдениеті мен беделін дамыту мен қолдауды өзінің борышым деп есептеп;

- колледж студенттері, қызметкерлері мен әкімшілік құрамы арасында шынайы демократиялыққарым-қатынас жүйесін қатыптастыруға ұмтылып, осы «Шымкент жоғары медицина колледжі студентінің ар-намыс кодексін» қабылдайды және оны мүлтіксіз орындауды міндетіне алады:

  • Студент үлкендерге құрметпен қарайды, айналасындағыларға  дөрекілікке жол бермейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық танытады, сондай-ақ мүмкіндігінше оларға қамқорлық жасайды.
  • Студент ұқыптылықтың, тәртіптіліктің, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, көргенсіздікке төзбеушілік танытады және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермейді.

  • Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әдеттерден толық бас тартады.

  • Студент колледж дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін құнттап ұстайды, студенттік жатақханада тазалық пен тәртіпті сақтайды.

  • Студент колледждің корпоративті мәдениеті мен беделін жоғарылатуға, шығармашылық белсенділікті (ғылыми-білімділік, спорттық, көркемдік т.с.с.) дамытуға бағытталған, қажетті және кез келген пайдалы іс-әрекетті мойындайды.

  • Студент колледж қабырғасынан тыс жерлерде медицина колледжінің өкілі болып табылатынын әрдайым ұмытпайды және оның абыройы мен беделін түсірмеуге бар күшін салады.

  • Студент академиялық қарыздардың барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды,  олар: білімді бақылау шараларынан өту кезінде біреудің көмегіне жүгіну мен көшіру; анағұрлым жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды қолдану; себепсіз сабақтардан қалу және кешігу.

  • Студент аталған барлық академиялық қарыздарды Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқарушылық қауымына лайықты, сапалы және бәсекеге қабілетті білім алумен үйлеспейді деп қарайды.