ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  «ЖОҒЫРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНА

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА

ҚА Б Ы Л Д А У    Е Р Е Ж Е Л Е Р І

Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК қабылдау комиссиясының өз жұмысында басшылыққа алатын негізгі құжаттары мен ережелері:

- Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы «Білім туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру  ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» №130 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №1119 қаулысы.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на жалпы орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Шымкент медицина колледжіне  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдермен, шарттармен қабылданады.

 2. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тегін білім алу Қазақстан Республикасының азаматы мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, егер олар мұндай деңгейдегі білімді бірінші рет алса, конкурстық негізде беріледі.

3. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау үлесін (квотасын) белгілеу туралы» №296 бұйрығына сәйкес құрылады. Төмендегілер үшін:

            1) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан – 30 пайыз;

            2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, қазақ ұлтынан – 2 пайыз;

            3) жетім-балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1 пайыз;

            4) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала жасынан мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан – 0,5 пайыз;

            5) соғыс мүгедектері және жеңілдік пен кепілдік бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген тұлғалар – 0,5 пайыз.

2. Қабылдауды ұйымдастыру

1. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на азаматтарды оқуға қабылдау мәселелерін шешу үшін қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзінің жұмысын 1 маусымнан кешікпей бастайды.

2. Азаматтарды оқуға қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының аймақтағы жұмысы ұйымдастырушының келісімімен шешіледі.

3. Қабылдау тәртібі туралы мәлімдеме, сонымен бірге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімі, емтихандар кестесі, оқушылар қатарына қабылдау мерзімі оқуға түсушілердің назарына уақытылы жеткізілуі тиіс.

4. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на оқуға қабылдауға азаматтардан өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, қабылдау емтихандары 1 тамыздан 28 тамызға дейін  жүргізіледі.

5. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішке білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086 – У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюро суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптау қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 фотосуретті, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы  сертификатты (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат немесе туу туралы куәлік) жеке ұсынылады.

6. Бюджет негізінде  және келісім-шарт (ақылы) негізінде оқуға өтініш тапсырған азаматтардың өтініштері бөлек тіркеледі және ескеріледі.

7. Қабылдау емтихандары мына азаматтарға:

- жалпы орта білімі бар азаматтар үшін (орта жалпы білім беретін оқу орындары  оқушыларды ауыстыру халықаралық жүйесі бойынша шетелде оқыған, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқыған, мәндес емес мамандықтар бойынша оқуға түсетін кәсіптік бастауыш білім беру қйымдарын ағымдағы жылғы бітірушілер, сонымен қатар өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары  көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.

8. Мамандық бейіні бойынша пән Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» №130 бұйрығына сәйкес анықталады:

            Бейінді пән  - биология, мына мамандықтар үшін:

            0301000 «Емдеу ісі»

            0302000 «Медбикелік іс»

            0303000 «гигиена және эпидемиология»

            0304000 «Стоматология»

            0305000 «Лабораториялық диагностика»

            0307000 «Ортопедиялық стоматология»

            Бейінді пән – химия, мына мамандық үшін:

            0306000 «Фармация»

 9. 0304000 «Стоматология» және 0307000 «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша құжат тапсырған азаматтар қабылдау емтиханының алдында икемділік дағдыларын анықтау үшін «Ойып қашау және мүсіндеу» түрінен арнайы емтихан тапсырады.

Арнайы емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалар немесе себепсіз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жіберілмейді.

10. 0304000 Стоматология» және 0307000 «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша білім алуға қабылданушы, ҰБТ бойынша сертификат немесе тестілеу орталығының кешенді тестілеу сертификаты бар азаматтар икемділік дағдылары бойынша емтиханға себепсіз келмей немесе қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, оқушылар қатарына қабылдау конкурсына жіберілмейді.

11. Білім алуға талапкерлер үшін қабылдау емтихандары;

 - мамандық бейіні сәйкес емес техникалық және кәсіби білімі, орта білімі барларға үш пән бойынша жүргізіледі (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән).

12. Оқу орнына түсушілер қабылдау емтихандарын қазақ немесе орыс тілінде тапсыруды таңдауға құқы бар.

13. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

- тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының  саны 25 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут беріледі.

 Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

- икемділік дағдылары бойынша емтихан нәтижесінде алған «3», «4», «5» бағаларды қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 10 балл, «4» - 20 балл, «5» - 30 балдарға ауыстырылады.

14. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету мен тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында Шымкент жоғары медицина колледжінде апелляциялық комиссия құрылады.

15. Тестілеу немесе пәндер бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқы бар. Апелляция қабылдау комиссиясына беріледі және қабылдау емтихандарының нәтижелері қабылданғаннан кейін бір тәулік бойы өтініш берушінің  қатысуымен апелляциялық комиссия қарайды. Алған бағаны өзгерту қабылдау комиссиясының дәлелді шешімімен жүргізілуі тиіс.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

1.   Азаматтарды Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК күндізгі бөліміне оқушылар қатарына қабылдау конкурс негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

2. Конкурс төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

            - ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат балдары негізінде;

            - ЖОО-ға түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандары бойынша берілген сертификат балдары  негізінде;

           - оқу орны жүргізген пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша немесе тестілеу нысанында алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

3. Қабылдауға конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ның немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген осы Ереженің 8-тармағына сәйкес үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және кәсіби бейінді пән) балдарының жинағы есептеледі. Математика пәні бойынша жинаған балы есепке алынбайды.

4. Медицина мамандықтары бойынша оқушылар құрамына  қабылдау конкурсына қатысуға жалпы негізгі білімі барлар үшін үш пәннен 35 балдан төмен балл жинаған азаматтар жіберілмейді.

5. Қабылдау кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мыналардың құқығы басым болады (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптау тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала  кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар.

6. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на оқуға қабылдау ашық қабылдау комиссиясының отырысында мамандықтар, бөлімдер және оқу тіліне қарай бөлек жүргізіледі.

7. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК-на оқуға қабылданған тұлға жаңа оқу жылының басында 10 күн ішінде оқуға келмесе және келмеу себебін анықтайтын құжаттарын әкеліп тапсырмаса оқушылар қатарынан шығарылады.

8. Үлгі ережеге, сондай-ақ Жарғыға сәйкес Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК өзінің білім алуға Ережесін құрылтайшының келісімі бойынша жасап бекітеді және құжаттар қабылдау басталуына дейін бір айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

9. Шымкент қаласының ДСБ-ның «Жоғары медицина колледжі» МКК облыстық Денсаулық сақтау басқармасына және облыстық  Білім беру басқармасына берілген үлгі мен мерзімде жедел статистикалық есеп береді, ал қабылдау біткеннен кейін, он күн мерзім ішінде колледжге қабылдауды  ұйымдастыру мен өткізудің жиынтық мәтіндік нысандағы есебін береді.

10. Қабылдау осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелерді оқу орнының қабылдау комиссиясы дербес шешеді.