Пакеев Сейтжамал Орынбасарович - Жоғары медицина колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі. 

     1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында туылған. 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 2016 жылы Алматы қаласындағы  Қоғамдық денсауық сақтау  жоғары мектебінің  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  денсауық сақтау магистрі дәрежесін алған.

     Еңбек жолын 1985  жылы Шымкент қаласындағы  Фосфор ауруханасында  дәрігер-невропатолог болып бастаған. 1992 жылы облыстық шаруашылық есептегі  шығыс және халық медицина  орталығының бас дәрігері қызметін атқарған, 1995 жылы облыстық мамандандырылған  емдеу алдын–алу  мекемесінің бас дәрігері, 2001 жылы облыстық медициналық-әлеуметтік түзеу орталығының бас дәрігері, 2007 жылы Жоғары медицина колледжінің директоры қызметін атқарған.  2015 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2017 жылдан қаңтар айынан ОҚО денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медицина колледжі» МКК  директоры қызметін атқаруда.

     2004 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсартуға  сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан  Республикасы  денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. 2010 жылы Қазақстан Республикасы  халқының өмірімен  денсаулығын сақтауға  сіңірген абыройлы  еңбегі үшін  Ұлттық медициналық  Ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісін алған. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, 2014 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін, осы жылы  кәсіподаққа сіңірен еңбегі үшін төс белгілерін алған. 2015 жылы «Кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.

 

Султанов Меирбек Алибекович – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, денсаулық сақтау магистрі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары  санатты оқытушы.

     1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1992 жылы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтын «Фармация» мамандығы бойынша аяқтады. 1993 жылдан Жоғары медицина колледжінде оқытушы қызметін атқарды. Осы мекемеде 1996 жылдан бөлім меңгеруші лауазымына ауыстырылды. 2002 жылы «Ақниет» ЖШС-те атқарушы директор қызметін атқарды. 2003 жылдан Жоғары медицина колледжінде бөлім меңгеруші қызметін оқытушылықпен ұштастырды. 2004 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2015 жылдан ОҚО ДСБ «Жоғары медицина колледжі» МКК директоры лауазымына тағайындалды. Меирбек Алибекович орта буынды медициналық және фармацевтикалық мамандарды дайындау барысында қолдануға арналған, мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жасалған оқу жұмыс бағдарламасы талаптарына сәйкес «Фармакология» оқу құралын баспадан шығарды. Бұл оқулық «Қазақстан медицина колледждерінің одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып «Қазақстан медицина колледждерінің үздік оқу-әдістемелік әдебиеті» Республикалық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды (2012 ж.). 2012 жылдан «Қазақстан Республикасының медициналық колледждері Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің шешімімен «Фармация» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы.

     2013 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Медицинадағы инновациялық білім беру технологиялары» атты халықаралық конференция шеңберінде оқыту курсын тыңдады. 2014 жылы Литва мемлекетінің Вильнюс қаласында «Вильнюс коллегиясында медицина қызметкерлерін дайындау бойынша оқу орны қызметінің негізгі бағыттары», Шымкент қаласында «Республикалық дәрігерлерді дипломнан кейін оқыту институты» ОҚО филиалы жанында «Денсаулық сақтаудағы менеджменттің өзекті мәселелері» тақырыбында  біліктілігін арттырды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен  (2005), Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен (2010), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен (2015) марапатталды.

 

Ешова Гүлжамила Алпысбаевна – директордың оқу-өндірістік  ісі жөніндегі орынбасары, жоғары  санатты арнайы пән оқытушысы.

     1973 жылы туылған. 1993  жылы Ленгір медицина училищесін  бітірген. 2007 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Ленгір медицина училищесінде оқытушы қызметімен бастаған. 1997 жылы Жоғары медицина колледжіне оқытушы қызметіне қабылданды. Гулжамила Алпысбаевна орта буынды медициналық және фармацевтикалық мамандарды дайындау барысында қолдануға арналған, мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жасалған оқу жұмыс бағдарламасы талаптарына сәйкес «Мейірбике ісі негіздері» оқулығын баспадан шығарды (2006). 2008 жылы оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2014 жылы Литва Республикасында колледждер арасында бірлесіп жұмыс істеу бағдарламасын талқылау мақсатында тәжірибе алмасу курсынан өтті. Литва мемлекетінің «Мейірбике ісін оқыту әдістемесін педагогика негіздері» көшпелі циклы бойынша   біліктілігін арттырды (2014). Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  грамотасымен  (2005), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен (2010), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігінің  Алғыс хатымен (2015) марапатталды.

 

Дарибаева  Гульмира Абилькасимовна – ЖМК әдістемелік кабинеттің меңгерушісі,  жоғары санатты әдіскер, қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты оқытушысы.

         1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. 2009ж. Мирас университетін бітіріп, қаржыгер БАКАЛАВР академиялық дәрежесін иемденген.

1995 жылы Жоғары медицина колледжіне оқытушы лауазымына қабылданды. 2004ж. Колледж әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып тағайындалды.2006 -2009ж.ж. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2009-2014ж.ж. Директордың оқу-әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2014ж.бастап  әдістемелік бөлім меңгеруші лауазымы бойынша еңбек етуде.

         2014ж.Ресей және Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған Санкт-Петербург, Миккели және Метраполиақалаларында «Медицинское образование ХХІ века: иновационные педагогические методики в подготовке среднего медперсонала»  тақырыбы бойынша біліктілігін  арттырды.

2016 ж.ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісіменмарапатталды.

2016 ж.ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының "Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін"  төс белгісімен марапатталды.

2016 ж.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай денсаулық сақтау мекемелері арасында ұйымдастырылған  «Мәңгілік Ел : Қазақстанның кемел болашағы» атты  республикалық байқауда «Денсаулық сақтау саласындағы үздік тіл маманы» аталымының жеңімпазы болып марапатталды.

 


Абдыханов Мухтар Кибраевич – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы.

1967 жылы дүниеге келген. 1991 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Жоғары медицина колледжіне директордың  тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды. 2014 жылы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Литва мемлекетінің Вильнюс қаласында «Вильнюс коллегиясында медицина қызметкерлерін дайындау бойынша оқу орны қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында  біліктілігін арттырды. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы Құрмет грамотасымен (2012), Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  Алғыс хатымен (2012), Қала әкімінің Алғыс хатымен (2015) марапатталған.

 

 

Колдасбеков Асылхан Асканович – директордың шаруашылық ісі  жөніндегі орынбасары.

     1978 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін кәсіпорындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Жоғары медицина колледжіне шаруашылық меңгерушісі қызметіне қабылданған. 2013 жылы Қазақстан Республикасы ОҚО бойынша «Оңтүстік Еңбек қауіпсіздігі» оқу орталығында «Еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау» оқу бағдарламасы курсынан өтті. 2012 жылдан директордың шаруашылық ісі  жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Койшиева Алия Рустемовна – мамандар бөлімінің меңгерушісі.

     1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туылған. 1994 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің М.Әуезов атындағы  педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді. 2009 жылы   Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 1999 жылы Шымкент және құқық колледжінде бастаған. 2001-2003 жылдар облыстық оқушылар сарайында методист, 2003-2004 жылдары Шымкент экономикалық колледжінде тарих пәнінің мұғалімі, 2004-2008 жылдары №6 кәсіптік мектепте қоғамдық пәндер оқытушысы, 2008-2015 жылдары Жоғары медицина колледжінде мамандар бөлімінің меңгерушісі, 2015-2017 Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасында құқықтық жұмыс, персоналды басқару,  әкімшілік және кадр жұмысы бөлімдерінің бас маманы қызметтерін атқарды.

     2014 жылы Литва мемлекетінің Вильнюс қаласында «Вильнюс коллегиясында медицина қызметкерлерін дайындау бойынша оқу орны қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында  біліктілігін арттырды.

 

Ташкенбаева Ботагоз Тлектесовна – Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен "Мейіргер ісі" бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты арнайы пән оқытушысы, "Педагогика және психология"мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

     1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия»  мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Жоғары медицина колледжіне әдіскер қызметіне қабылданды. 2009 жылы әдіскер қызметінен бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатты дәрігер. Жоғары медицина колледжінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен  (2010), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011) марапатталды.

 

Турбекова  Ботакоз  Сапаралиевна – «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы.

     1975 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Ленгір медицина училищесін бітірген. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Жоғары медицина колледжінде оқытушы қызметіне қабылданды. 2008 жылдан «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған  «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің  Құрмет грамотасымен (2010), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің  Алғыс хатымен (2014) марапатталды.

 

 

Тойшиева Гульзахира Тургиновна – «Фармация, лабораториялық диагностика, гигиена және эпидемиология» бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты арнайы пән оқытушысы.

     1970 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Ташкент мемлекеттік медицина институтын бітірген. 2002 жылы  Жоғары медицина колледжіне оқытушы қызметіне қабылданды. 2003 жылы  «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2011 жылы «Гигиена және эпидемиология, лабораториялық диагностика» бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған  «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен  (2005), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен  (2010), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің  Құрмет грамотасымен (2013),Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен  марапатталды (2018).

 

Нурманова Ботакоз Сабитовна «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі, ІІ санатты арнайы пәндер оқытушысы.

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. 2007-2008  жылдары  №3 Шымкент қалалық балалар емханасы, балалар хирургі қызметіне қабылданды. 2008 жылы Жоғары медицина колледжінде оқытушы қызметіне қабылданды. 2019 жылдан «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Жоғары медицина колледжінің  Алғыс хатымен марапатталды (2017), МӘМС атты семинарды өткізуде өз үлесін қосқаны үшін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы грамотасымен марапатталды (2017).

 

 

 

Тлеппаев Болат Нышанбаевич – «Стоматология және фармация» бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты арнайы пәндер оқытушысы.

     1983 жылы  Шымкент қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Жоғары медицина колледжін бітірген. 2007 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Стоматология» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек  жолын 2007 жылы Жоғары медицина колледжінде оқытушы қызметімен бастаған. 2008 жылы «Стоматология және фармация» бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Литва Республикасындағы Утена Жоғары оқу орнында «Стоматологиялық аурулардың алдын-алу мен ауыз қуысының жеке және кәсіби гигиенасы әдістеріне инновациялық технологияларды қолданып оқыту» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен (2010) марапатталды.

 

 

Абдреева Гульсим Уркеновна – орта буынды медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктіліктілігін  арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты арнайы пән оқытушысы.

     Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық - эпидемиологиялық стациясында дәрігер - лаборант болып жұмыс  істеп, 1991 -1997 жылдар аралығында Облыстық денсаулық сақтау басқармасында емдеу - профилактикалық көмек ұйымдастыру бөлімінің жетекші, бас маманы қызметін атқарды. 1997-2001 жылдар  аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық - эпидемиологиялық стациясы бас дәрігердің орынбасары болып, 2001 жылдың маусым айынан бастап Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығын басқарды. 2010 жылы  Жоғары медицина колледжіне оқытушы болып қабылданды, 2012 жылдан бастап Орта буын медицина және фармацевтика  қызметкерлердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемелекеттері ұйымдастырған «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды. Екінші санатты арнайы пән оқытушысы.

 

 

 

Биботаева Жанар Тогайбаевна – симуляциялық орталығының меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты арнайы пән оқытушысы.

     1973 жылы туылған. 1999 жылы  Қазақ  мемлекеттік медициналық университетін аяқтаған. 2008 жылы Жоғары медицина колледжіне оқытушы лауазымына қабылданды. Сол жылы колледждегі Оқу-емханалық орталығының меңгерушісі және СМЖ-нің ішкі аудиторы лауазымдарына тағайындалды. 2014 жылдан бастап Жоғары медицина колледжі симуляциялық орталығының меңгерушісі қызметін атқарады.

     Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Құрмет грамотасымен (2010 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының  Алғыс хатымен (2015ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының   Құрмет грамотасымен марапатталған (2016г.).   

 

 

 

Ибрагимова Земфира Шаяхметовна – оқу бөлімінің меңгерушісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы.

     1974 жылы туылған. 1992 жылы Ақтөбе медицина училищесін, 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының  «Емдеу ісі» мамандығын бітірген. 1999 – 2007 жылдары Облыстық перинаталдық орталықта дәрігер акушер – гинеколог мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Жоғары медицина колледжіне 2007 жылы оқытушы қызметіне қабылданды. 2008 – 2013 жылдары «Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2016 жылдың сәуір айынан оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы жанында «Сәулелік диагностика» курсы бойынша қайта даярлықтан өтті. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (2010ж.) марапатталды. 

 

 

Иманалиева Райхан Ақназарқызы жатақхана меңгерушісі.

     ОҚО Шардара ауданы Восход совхозында 1970ж 9 шілдеде дүниеге келген,ХҚТУ А,Иасауи атындағы 1995 жылы фил,фак  тәмандаған, мамандығы орыс тілі және әдебиеті мұғалімі. Еңбек өтілі 21 жыл. 2016ж бастап Жоғары медицина колледжінде жатақхана меңгерушісі.

 

 

Поштаева Жанар Аргинбаевна – бас есепші.

     1972 жылы жылы дүниеге келген. 2000 жылы Мемлекеттік Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Жоғары медицина колледжіне хатшы қызметіне қабылданды. 2005 жылы есепші қызметіне ауыстырылды. 2008 жылы экономист қызметіне  ауыстырылды. 2011 жылдан бас есепші қызметіне тағайындалды. 2011 жылы РМК Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығында «Денсаулық сақтау менеджментінің өзекті проблемалары. Қаржылық менеджмент» циклы бойынша, 2014 жылы Түркия Республикасының Кемер қаласында «Практика применения МСФО» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау департаментінің Алғыс хатымен (2010), Жоғары медицина колледжінің Алғыс хатымен (2010) марапатталған.

 

 

Садырбаева Замира Калиевна – кітапхана меңгерушісі.

     1971 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтын «Кітапхана тану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Жоғары медицина колледжіне кітапханашы қызметіне қабылданды. 2014 жылы  кітапхана меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ИРБИС-64 жүйесі: ақпараттық білім беру ортасын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында біліктілігін арттырды. 2015 жылы біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты кітапхана меңгерушісі біліктілік санаты берілді. ОҚО Білім департаментінің Грамотасымен (2006), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Құрмет грамотасымен  (2007) марапатталған.

 

 

Султанов Нуржан Омарбекович – ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі.

     1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Жоғары медицина колледжіне программист қызметіне  қабылданды. 2008 жылы оқу-ақпарат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2015 жылы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығында ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізу бойынша оқу курсына қатысты. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Құрмет грамотасымен  (2010) марапатталған.

 

 

Жолдасова  Шолпан Айтжановна – жастар ісі жөніндегі төрайымы.

     1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетін бітірген. 2007 жылы Жоғары медицина колледжінде жастар ісі жөніндегі  комитет төрайымы қызметіне қабылданды. 2014 жылы жастар ісі жөніндегі инспекторы лауазымына ауыстырылды. «Жастар орталығы»  МКҚК Алғыс хатымен (2008), Шымкент жастары мекемесінің дипломымен (2012),  «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Құрмет грамотасымен  (2012), Шымкент қаласының әкімдігінің Алғыс хатымен, (2013), «Жастар орталығы»  Алғыс хатымен (2008) марапатталды.