250 орынға арналған студенттік жатақхана оқу корпусының жанындағы бес қабатты ғимараттың 1,3 және 4 қабаттарында орналасқан.

2014 жылы жатақхана күрделі жөндеуден өткізілді. Студенттерге барлық жағдайлар жасалынған. Бөлмелер заманауи жиһаздармен жабдықталған. Әрбір қабатта 2-ден ас дайындайтын бөлмелер бар.

Бірінші қабатта теледидар, жұмсақ жиһазбен жабдықталған демалу бұрышы, үшінші қабатта оқу бөлмесі, төртінші қабатта теледидар, компьютер, кітаптар қорымен жабдықталған іс- шаралар өткізілетін бөлме бар.

Жатақханада мәжіліс залы, жаттығу бөлмесі, медпункт, асхана, «Аристон» су жылытқыш қондырғылары орнатылған жуынатын 2 бөлме, заманауи автоматтандырған кір жуғыш машиналар, кір жуатын және кір кептіретін бөлмелер жұмыс істейді.

 

Жатақхана ауласында волейбол және баскетбол ойнайтын спорт алаңы орналасқан.