Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік:0301013 «Фельдшер» 

     Бұл мамандық бойынша білім беру Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі  17.05.2002 ж. берген  мерзімі шектеусіз, №0005212 АА сериялы  мемлекеттік лицензия  негізінде жүзеге асырылады.     

Білім беру түрі – күндізгі, бюджет және ақылы негізде, білім беру орта жалпы білім негізінде 2 жыл 10 ай мерзімімен мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асырылады.

     Оқу жылының оқу процесінің кестесі оқу жұмыс жоспары негізінде жасалады. Студенттердің оқу жүктемесінің жоғарғы көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланады, әр айдың соңында студенттердің үлгеріміне аттестация жүргізіледі.

     2018-2019 оқу жылында 0301000«Емдеу ісі» мамандығы 0301013 фельдшер біліктілігібойынша білім алатын студенттердің контингенті 300 адамды құрайды. Бұл мамандық бойынша 12 топ бар, олардың әрқайсысында студенттер саны 29-дан аспайды. Әр топқа топ жетекшісі бекітілген, олар студенттердің рухани дамуы үшін жағымды жағдай жасайды, олармен патриоттық, құқықтық, кәсіби еңбек, экологиялық, ақыл-ойды дамыту бағыты бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді, ата-аналарымен үнемі байланыста болады.

     Мамандық бойынша  білім алушылар Қазақстан Республикасының 2016 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқиды. 2-курс студенттерінің контингенті 76 адамды құрайды,  76-да  ақылы негізде, мемлекеттік тілде білім алады.

     3-курс студенттерінің контингенті 106 адамды құрайды, оның 25 студенті бюджет негізінде, 81студенті ақылы негізде, 80-імемлекеттік тілде білім алады. 4-курс студенттерінің контингенті 118 адамды құрайды, оның 50 студенті бюджет негізінде, 68  студенті ақылы негізде,101-і  мемлекеттік тілде білім алады.

    Бұл мамандық бойынша 9тұлжетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім алады, олардың барлығына колледж директорының бұйрығымен стипендия тағайындалған, колледждегі білім алу мерзімі аяқталғанша материалдық көмек көрсетіледі, киімге ақшалай қаражат бөлінеді, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, жатақханадан орын беріледі.

     Ақылы топта білім алатын сабақ үлгерімі өте жақсы, тәртібі үлгілі, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын студенттердің оқу төлемақысына колледждің қаржы мүмкіндіктеріне қарай 25%, 50% жеңілдіктер беріледі немесе толығымен босатылады.

 

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік:0301023 «Акушер»  

     Бұл мамандық бойынша білім беру Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі  17.05.2002 ж. берген  мерзімі шектеусіз, №0005212 АА сериялы  мемлекеттік лицензия  негізінде жүзеге асырылады.      

Білім беру түрі – күндізгі, бюджет және ақылы негізде, білім беру орта жалпы білім негізінде 2 жыл 10 ай мерзімімен мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асырылады.

     Оқу жылының оқу процесінің кестесі оқу жұмыс жоспары негізінде жасалады. Студенттердің оқу жүктемесінің жоғарғы көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланады, әр айдың соңында студенттердің үлгеріміне аттестация жүргізіледі.

     2018-2019 оқу жылында 0301000«Емдеу ісі» мамандығы 0301023 акушер біліктілігі бойынша білім алатын студенттердің контингенті 291адамды құрайды. Бұл мамандық бойынша 12 топ бар, олардың әрқайсысында студенттер саны 26-дан аспайды. Әр топқа топ жетекшісі бекітілген, олар студенттердің рухани дамуы үшін жағымды жағдай жасайды, олармен патриоттық, құқықтық, кәсіби еңбек, экологиялық, ақыл-ойды дамыту бағыты бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді, ата-аналарымен үнемі байланыста болады.

     Мамандық бойынша білім алушылар Қазақстан Республикасының 2016 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқиды. 1-курс студенттерінің контингенті 74 адамды құрайды, оның 74 студенті де ақылы негізде, 49-ы  мемлекеттік тілде білім алады.

    2-курс студенттерінің контингенті 91 адамды құрайды, оның 25 студенті бюджет негізінде, 66 студенті ақылы негізде, 71-імемлекеттік тілде білім алады. 3-курс студенттерінің контингенті 126 адамды құрайды, оның 50 студенті бюджет негізінде, 76 студенті ақылы негізде,100-і  мемлекеттік тілде білім алады.

    Бұл мамандық бойынша 4 тұлжетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім алады, олардың барлығына колледж директорының бұйрығымен стипендия тағайындалған, колледждегі білім алу мерзімі аяқталғанша материалдық көмек көрсетіледі, киімге ақшалай қаражат бөлінеді, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, жатақханадан орын беріледі.

    Ақылы топта білім алатын сабақ үлгерімі өте жақсы, тәртібі үлгілі, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын студенттердің оқу төлемақысына колледждің қаржы мүмкіндіктеріне қарай 25%, 50% жеңілдіктер беріледі немесе толығымен босатылады.

 

0302000 «Мейіргер ісі»

0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігімен

     ҚР білім  және  ғылым  министрлігінің  2002  жылы  17. 05 күні  берілген №0005212  сериялы  білім  беруді  жүргізуге  (уақыты  шектеусіз)  құқық беретін  мемлекеттік  лицензия  негізінде  берілген  мамандық бойынша оқыту жүзеге асырылады.

    Оқыту  түрі - күндізгі,  бюджет  және  келісім-шарт  бойынша мемлекеттік  және орыс тілдерінде  орта  білім  беру  базасы  негізінде 2 жыл 10 ай  мерзімде  жүргізіледі.

    Оқу үрдісінің  жылдық  кестесі оқу  жұмыс  жоспары  негізінде  жасалынады. Студенттердің  ең  жоғары  оқу  жүктемесі  аптасына 54  сағаттан аспайды. Студенттердің  сабаққа  қатысуы  күнделікті  бақылауда  болып, әр айдың соңында үлгерім бойынша аттестация тапсырылады.

     2018-2019  оқу  жылында осы мамандық бойынша студенттер саны  371 адамды  құрайды. Бөлім бойынша 15 топ біріктірілген.  Әр  топта  студенттер  саны  25-тен  аспайды.  Әрбір топқа  топ  жетекшісі  бекітілген. Топ  жетекшісі  студенттерге  оқуға, еңбекке  баули  отырып  адамгершілік  рухта, патриоттық  тәрбие  бере отырып, топ  ұжымын  қалыптастырады. Ата-аналармен  байланысты  үнемі үзбей отыра топ жетекшісі тәрбие жұмысын жандандырады.

    2016 жылғы МЖМБС негізінде 3 және 4 курс студенттерін оқыту іске асырылады. 3 курс студенттерінің  жалпы  саны 199,солардың ішінде 123-і бюджет негізінде, 74-і келісім-шарт  негізінде  білім алуда.  174- і   мемлекеттік  тілде  оқиды. 4 курста 172 студент оқиды, соның ішінде 75 бюджет, 97 келісім-шарт негізінде білім алуда. Солардың 124  мемлекеттік тілде  білім алуда.

   Берілген  мамандықта 10 тұл  жетім  бала оқиды.  Колледж есебінен оларға  стипендия  беріледі,  оқу  соңына  дейін басқа  да  көмектер тегін тамақ,  жатақханамен  және  киіммен  қамтамасыз  етіледі.

     Үздік  оқуы  үлгілі тәртібі  және колледждегі қоғамдық  іс-шараларға белсенді  қатысқаны  үшін  келісім-шарт  негізінде оқитын  студенттерге  оқу ақысына  50%-ға  жеңілдік  жасау  немесе  оқу  ақысынан  толығымен  босату іс-шаралары  қолданылады.

 

 

Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен

«Мейіргер ісі» бөлімі

0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы

0302054 «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі

Оқу мерзімі – жалпы орта білім беру базасында 3 жыл 6 ай

Кәсіби қызмет объектілері:

            Маманның кәсіби қызметінің объектісі ересек және балалар қауымы болып келеді, ал олардың кәсіби қызметін жүзеге асыру мекемелері:

            - түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық қызметін  басқару органдары;

            - әртүрлі меншіктік формадағы  балалар мен ересек медициналық ұйымдар;

            - ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, ауылдық аймақтық ауруханалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, профилакторийлер мен санаторийлер;

            - медицина саласындағы  ғылыми-зерттеу ұйымдары;

            - балалар мектеп алдындағы мекемелер (бөбекжай, бала бақшалар);

            - білім беру ұйымдары (мектеп, колледж, жоғары білім беру мекемелері);

            - әлеуметтік қорғау ұйымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

            - пациентті күтуде мейірбикелік процестің негізгі кезеңдерін құжаттайды және іске асырады;

            - медициналық мекемелердің құрылымдық бөлімдеріндегі  пациент пен медицина қызметкерлерінің жұқпалы аурудың жұғу қауіпсіздігін, жұқпалы ауруды бақылау талаптарын орындайды;

            - мейірбикелік процесс кезеңдері негізінде пациентке мейірбикелік күтімді ұйымдастырады;

            - егде және қартайған адамдарға  бақылау мен күтімді іске асырады;

            - ересектерге және балаларға білікті медициналық көмек көрсетеді;

            - санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастырады және жүргізеді;

            - пациентпен, пациенттің туыстарымен, әріптестерімен, әлеуметтік қызметтің уәкілімен тиімді қарым-қатынасты қалыптастырады және дамытады;

            - салауатты өмір салтын насихаттайды;

            - кәсіптік қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолданады және өмір бойы білім алады;

            - пациенттің жеке қажеттілігіне бағытталған мейірбикелік процесті іске асырады;

            - аурухананың құрылымдық бөлімдерінің және амбулаториялық-емханалық мекемелерінің есепке алу-есеп беру құжаттарын ресімдейді;

            - коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын игереді;

            - медициналық мекемелерде емдік және емдәмдік тамақтануды ұйымдастырады;

           - санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге, эпидемиологиялық жағдай туралы тез арада мәлімет жинайды, жұқпалы ауру ошағында эпидемияға қрсы шараларды жүргізеді;

            - зертханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге пациентті дайындайды;

            - отбасын жоспарлау және контрацептік әдістер бойынша кеңес жүргізеді.

Клиникалық тәжірибеде мейіргер ісі бакалавры команда құрамында жұмыс жасауға ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар белгілі бір емдеу мекемесі аумағында команданы басқаруға, мейіргерлік күтімді ұйымдастыруға (жеке адамдарға және шағын топтарға арналған санитарлық - ағарту жұмыстарын қоса алғанда) жүргізеді.

 

Мамандық 0303000 «Гигиена және эпидемиология»

0303013 «Гигиенист – эпидемиолог» біліктілігімен

0303000  «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша 0303013 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі бар мамандарды  ҚР МЖМБС  2015 жылғы 31 шілдедегі  №647   стандартына сай дайындайды.

2018 – 2019 оқу жылынан бастап  0303000  «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша студенттер қабылданды.  Оқу түрі – күндізгі.  Оқу мерзімі  негізгі орта білім беру базасында 2 жыл 10 ай. Сабақ  мемлекеттік тілде  және орыс тілінде. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті бақыланады, әр айдың соңында үлгерімінің аттестациясы жүргізіледі.

«Гигиена және эпидемиология»  мамандығын бітірген студенттер  -  Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, дезинфекция және обаға қарсы күрес станциялары, санитарлық-гигиеналық және микробиологиялық зертханаларда  және  олар санитарлық қызметтің жетекші мамандары, дезинструктор, медстатист, лаборант  және медициналық мекемелерде эпидемиолог болып жұмыс істей алады.

Мамандықтары бойынша өтілетін пәндердің теориялық сабақтары арнайы оқу кабинеттерінде, ал тәжірибелік сабақтары арнайы жабдықталған колледждің заманауи зертханаларында және де денсаулық сақтау департаментінің  ҚР ҰЭМ  ТҚҚБ «Ұлттық сараптама орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚО бойынша филиалында жүргізіледі. Тәжірибелік сабақтар жүргізілетін медициналық ұйымдар қажетті қондырғылармен жабдықталған. Зертханаларда орнатылған қондырғылар барлық зертханалық жұмыс түрлерін жүргізуге көмек береді.   Жүргізілетін тәжірибелер, зертханалық жұмыстардың тақырыптары мен көлемі оқу жұмыс жоспарының тақырыбы мен көлеміне сай келеді, студенттерді тәжірибеде дайындай алу деңгейіне жеткізе алады.

Оқу жұмыс бағдарламасының көшірмесі, қажетті сабақ кестелері мен тәжірибелік дағдыларды игеру тізімдері теориялық және тәжірибелік сабақтарды жүргізу алдын студенттерге таратылады,  оқу –өндірістік және кәсіби тәжірибе алдын беріледі. Әр семестрде мамандық бойынша студент орташа есеппен 9-15 пәнді оқып шығады. Олардың тиімді мөлшері сабақтар кестесі мен емтихандар кестесі құрылғанда анықталады.

Кәсіби мамандандыру және денсаулық сақтау ұйымдарының тәжірибелік мақсаттары болып денсаулық сақтау ұйымдарының тапсырмасы бойынша  "Гигиенист - эпидемиолог” мамандарын дайындау болып саналады.

Колледжіміздің оқытушылары Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының   мамандарымен  кездесу ұйымдастырады, мамандар  өз кезегінде түсіндірме жұмыстарын студенттерге жүргізеді, көптеген заңнамалық сұрақтарға жауап береді. «Гигиенист – эпидемиолог»  мамандығының  түлектері  -  бұл болашақ мемлекеттік қызметкерлер.

 

Мамандығы  0304000 «Стоматология»

Біліктілігі  0304023 «Дантист»

    Аталған мамандық бойынша білім беру, мерзімі шектелмеген Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 17.05.2002 ж. берліген №0005212, сериялы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылды.

    Оқу түрі-күндізгі, келісім-шарт негізінде білім беру негізгі орта білім беру базасында 2 жыл 10 ай, мемлекеттік және орыс тілінде. Оқу процесінің жылдық графигі жұмысшы оқу жоспары негізінде жасалады. Студенттердің оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті бақыланады, әр айдың соңында үлгерімінің аттестациясы жүргізіледі. 2018-2019 жылында осы мамандық бойынша білім алатын студенттер саны 144 адамды құрайды. 6 топ жинақталған. Топтағы студенттер саны 30 адамнан аспайды. Студенттердің адамгершілігін дамыту үшін жағымды шарттарды жасауға ықпал ететін, топ ұжымын қалыптастырып, еңбек пен оқуға деген қызығушылығын және сапалы қатынасты тәрбиелеу үшін әр бір топқа топ жетекшісі бекітілген.

   Студенттер 2016 жылғы МЖМББС сәйкес білім алады. 2 курс студенттерінің саны-54 студент, оның 54-келісім шарт негізінде, 25-мемлекеттік тілде білім алады.

  3 курс 46 студент бар, оның 46- келісім шарт негізінде, 22- мемлекеттік тілде білім алады. 4 курста-44 студент, оның 44-келісім шарт негізінде, 23-мемелекеттік тілде білім алады. Аталған мамандықта 1 тұл жетім студент білім алады, оған колледж тарапынан ай-сайын шәкірт ақы төленіп, оқуын бітіргенше қаржылай көмек көрсетіліп, тегін тамақ пен жатақханада тегін тұру қамтамассыз етілген. Келісім-шарт негізінде білім алатын студенттердің үлгерімі өте жақсы, тәртібі мен колледж өміріне белсене қатысқаны үшін, оқу төлем ақысының 50% немесе толығымен босатылады.

   Мамандық бойынша кабинеттер пәнді оқытуға қажетті оқу-әдістемелік кешенмен жабдықталған. Оқу процесі  2016 жыл  МЖМББС сәйкес ұйымдастырылған. Мамандықтың 2016 МЖМББС мен типтік оқу бағдарламаларымен қамтамассыз етілуі-100% құрайды. Типтік оқу бағдарламасы негізінде оқу жоспары мен жұмыс бағдарламалары құрастырылған. Оқу-әдістемелік жұмыс оқу процессінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу жүктемесі оқытушының біліктілігі мен негізгі білімін ескере отырып үлестіріледі.

    Оқу-өндірістік және диплом алды тәжірибелері оқу процессінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Әдістемелік жетекшілері колледж оқытушыларынан, ал тікелей жетекшілері-медициналық стоматологиялық ұйымның дәрігер-стоматологтарынан тағайындалады. Тәжірибе ақталғанда тәжірибе жетекшілері мінездеме толтырып, қорытынды баға кояды. ӨОТ мен ДТ нәтижелері білім алушылардың күнделігінде жазылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес текстік және сандық есептерде көрсетіледі.

 

Мамандық 0305000 «Зертханалықдиагностика»

0305013 «Медициналық лаборант» біліктілігімен

   Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау Басқармасы Мемлекеттік коммуналдықкәсіпорын(МКК) «Жоғары медицина колледжі» (ЖМК)  0305000 «Зертханалықдиагностика» мамандығы бойынша 0305013 «Медициналық лаборант» біліктілігінмеңгеруімен мамандарды дайындауды 1964 жылдан бастап жүзеге асыруда. Оқу барысы 29.07.2016 жылғы №661  МЖМБС негізінде ұйымдастырылады.

     Нақты білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау жоғарғы білікті оқытушылар  құрамы қамтамасыз етеді. Мамандық пәндері бойынша теориялық сабақтар оқу аудиторияларында өткізіліп, тәжірибелік сабақтар колледждің арнайы жабдықталған зертханаларында,ҚР ҰЭМ  ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚО бойынша филиалының базасында және Шымкент қаласының микробиологиялық, клиникалық, гематологиялық, биохимиялық зертханаларында жүзеге асырылады. Тәжірибелік сабақтар қажетті жабдықтармен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Зертханаларда орнатылған  жабдықтар барлық тәжірбиелік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Орындалатын зертханалық жұмыстар пән бағдарламасының оқулық көлеміне сәйкес келіп, студенттердің тәжірибелік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

     Денсаулық сақтау ұйымдарының тапсырмасы бойынша білікті маман дайындауколледждің негізгі мақсаты. Әлеуметтік бірлестіктердің маңызды міндеті болып медициналық орта оқу орнының бітіруші студенттерін болашақ жұмыс орындарына сай қылып тәрбиелеу. Сол себепті колледж әкімшілігі жұмыс берушілермен, санитарлық эпидемиологиялық жұмысшыларымен кездесулерді ұйымдастырады, олар өз кезегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, көптеген заңнамалық сұрақтарға жауап береді.

    «Зертханалық диагностика» мамандығында оқитын студенттермен ауқымды тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Бөлімде топ жетекшілерімен студенттердің кәсіптік, эстетикалық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік дағдыларға бағыттайтын әртүрлі бағдарламалар әзірленеді.

 

Мамандығы 0306000  "Фармация"

Біліктілігі 0306013 "Фармацевт"

0306013 "Фармацевт" біліктілігімен 0306000  "Фармация" мамандығы бойынша білім алушыларды дайындау 1953 жылдан бастап жүргізіледі.

Мамандардың дайындығы 29.07.2016 жылғы № 661 ҚР МЖМБС негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту түрі -күндізгі (жалпы орта білім беру негізінде келісім -шартпен жүргізіледі);

Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай (оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі).

         Оқу үрдісі  теориялық және тәжірибелік сабақтар түрінде арнайы жабдықталған дәрісханалармен зертханаларда өтеді. Жоғары курстардың студенттері өндірістік оқудан өтіп, кәсіптік практиканы игереді.  Оқу нәтижесін анықтау аралық және қорытынды аттестауды қамтиды.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбе нысанына сәйкес педагогикалық (әдістемелік) кеңес бекіткен мерзімде өткізіледі.

Оқу төменде көрсетілген мынадай дисциплиналарды қамтиды:

- жалпы кәсіптік пәндер;

- әлеуметтік - экономикалық пәндер;

- жалпы кәсіптік пәндер;

- арнайы пәндер.

         Жоғары медицина колледжінде жоғары дәрежеде білім беріп, тәжірибеге  дайындау мақсатында клиникалық базалармен  ынтымақты жұмыс атқарады. Оқу үрдісінің барысында  студенттерге кітапханадан қажетті кітаптармен қамтамасыздандарылып, арнайы интернет кабинеттерден керекті ақпараттарды оқып, цифрлі заманға сай жаңа технологиялардың артықшылықтарын іс жүзінде қолдануына жағдай жасалған.

Колледж әкімшілігі облыстың барлық өрескел фармацевтикалық ұйымдарымен келісім-шартты негізде тәжірибе жүргізу мүмкіндіктері де қарастырылған.

Студенттердің жоспарланған тәжірибе өтетін ұйымдары:

1.ЖШС  "Зерде" ғылыми - өндірістік бірлестігі;

2.АҚ  "Euro-pharma"  дәріханалары;

3.ЖШС  "Зерде-фарма";

4.Облыстық клиникалық аурухананың дәріханасы;

5.АҚ Химфарм;

Тәжірибелік базалармен бірлесе жұмыс істегендегі колледж студенттерінің қазіргі нәтижелері:

- базалық, кәсіби және арнайы құзыреттіліктерді жете меңгерген;

- дәріханалық сервистің қызметіне маркетингтік стратегия: фармацевтикалық тауарларды жылжыту және дәріханалық бизнес өнімділігін жоғарлату әдістерін біледі;

- фармацевтикалық маркетинг түрін және әлеуметтік негізін, негізгі қағидаттар мен функциялардың мазмұны мен маңызын жүйелі білім түрінде қалыптастырған;

- дәрілік заттардың тірі ағзаларға әсерін біледі, бастапқы ағза жағдайынан, ағзаға енгізу орны және әдісі, ерітінді концентрациясы, дозасы, физикалық және химиялық құрылымы, әртүрлі жағдайлардан фармакологиялық заттардың әсерінен тәуелділік, ағзада дәрілердің әсерінен өзгеру интенсивтілігін және сипатын орнатады;

- белгілі дәрілік түр бере отырып дәрілік заттардың өндірістік өңдеу және жасау үрдістерін және теориялық негіздерін біледі;

-  дәрілік түрдің өндірістік технологиясын және дәріханалық негіздерін игерген.

Сонымен қатар, фармацевтикалық пәндер арасында циклдік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл сайын

- "Дермене";

- "Жасыл дәріхана";

- "Дәрүмендер";

- "Мерчандайзинг" атты үйірмелер студенттердің белсенді қатысуымен жұмыс істеп келеді.

Үйірме жұмысы тәжірибелік жұмыс бойынша директордың орынбасары бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

         Білім деңгейін, тәжірибе шеберлігі мен дағдылардын объективті бағалау мақсатында фармацевтикалық пәндер арасында сайыстар өткізіледі. Мысалы,  "Фармакогнозия бойынша ең үздік", "Білгір ботаник" , "Дәрі түрлерінің технологиясы бойынша ең үздік"  сайысы міндеттерді көздейді: теориялық білім мен тәжірибе дағдыларын тексеру, студенттердің кәсіби дайындық сапасын тексеру, болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту мен алғаш білімін нақты жағдайда қолдана білу. Конкурсты жүргізу кезінде инновациялық технологиялар, бейне материалдар қолданылады. Сайыс қатысушылары арнайы пәндер бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетеді.

ЖМК 0306000  "Фармация" мамандығы бойынша 0306013 "Фармацевт" біліктілігін алған бітірушілер Қазақстан Республикасының халкының денсаулығын сақтап, науқастарға қажетті кеңес беретін және емдейтін заманауи мамандар болады.

 

Мамандығы   0307000 «Ортопедиялық  стоматология»

Біліктілігі  0307013 «Тіс технигі»

       Берілген мамандық бойынша оқыту мерзімі шектелмеген, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің 17.05.2002 жылы берілген сериясы № 0005212  білім беру қызметін жүргізу  құқығына  Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.

      Оқыту түрі – күндізгі, коммерциялық негізде, оқыту жалпы  орта білім беру базасында, мемлекеттік және орыс тілінде, оқыту мерзімі 1 жыл 10 ай, мемлекеттік тілде..

      Оқу процессінің  жылдық кестесі жұмысшы оқу жоспарының негізінде жасалады. Студенттердің оқы жүктемесінің максимальды көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті бақыланады, әр айдың соңында студенттердің сабақ үлгерімінің аттестациясы жүргізіледі.

      2018-2019 оқы жылында берілген мамандық бойынша студенттер саны 38 адамды құрайды.  2  топ құрылған. Әрбір топқа, студенттің моральдық  дамуына жағымды әсер етіп, топтың ұжымын қалыптастыратын, оқу мен еңбекке  саналы қарым – қатынас тәрбелеп, студенттердің ата – аналарымен үнемі байланыста болатын куратор бекітілген.

2 курс студенттерін оқыту  2016 МЖМББС сәйкес жүзеге асырылады. 2 курс студенттерінің саны  22 , оның 22 – коммерциялық негізде,  мемлекеттік тілде. 

3  курс студенттерін оқыту 2016 жылғы МЖМББС  сәйкес жүзеге асырылады. 3 курста 16 студент оқиды, оның 16 – коммерциялық негізде,  мемлекеттік тілде.

       Кабинеттері мамандық бойынша пәнді оқытуға қажетті оқу – әдістемелік кешенмен жабдықталған.

    Оқу процессі 2016 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылған. 2016ж. МЖМББС  мамандығының  типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі  – 100%. Типтік бағдарлама негізінде   мамандық бойынша оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламалары  құрастырылған. Оқу – әдістемелік жұмыс  оқу процессінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу жүктемесі оқытушылардың  біліктілігі мен базалық білімін ескере отырып үлестірілген.

      Оқу – өндірістік және диплом алды тәжірибелері  оқу процессінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Колледж оқытушылары әдістемелік жетекші  ретінде, ал тікелей жетекшілері ретінде – медициналық стоматологиялық ұйымдарының дәрігер – стоматологтары тағайындалады. Тәжірибе соңында тәжірибе жетекшілері  әрбір студентке мінездеме жазып, қорытынды баға қояды. ОҚТ және ДТ  нәтижелері оқушылардың күнделіктерінде, тексттік және сандық есептерінде бекітілген бағдарламаға сәйкес көрсетіледі.

 

Мамандығы: 1121000 «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Біліктілігі: 1121012 ‹‹Медициналық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромеханик››

     Аталған мамандық бойынша білім беру, мерзімі шектелмеген Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 17.05.2002 ж. берілген №0005212 сериялы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылды.

Кәсіптік қызмет нысандары:

            -медицина техникасы, шығыс материалдары;

            -жинақтаушы өнімдері, қосымша материалдар;

          -медицина техникаларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеуде қолданылатын құрал-жабдық, приборлар, аспаптар.

Кәсіби қызметінің негізгі түрлері:

            -медициналық техникаларын монтаждау;

            -медициналық техникаларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;

            -медициналық техникаларын жөндеу.

     Білім беру түрі-күндізгі, ақылы негізде. Білім беру орта жалпы білім негізінде 1 жыл 10 ай мерзімімен мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Студенттердің оқу жүктемесінік жоғары көлемі аптасына 42 сағаттан аспайды. Студенттердің сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланып, әр айдың соңында студенттердің үлгеріміне аттестация жүргізіледі.

     2018-2019 оқу жылында 1121000 «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің контингенті 15 адамды құрайды. Топ жетекшісі студенеттердің рухани жаңғыру, дамуы үшін жағымда жағдай жасайды, олармен патриотты, құқықтық, кәсіби еңбек, экологиялық ақыл-ойды дамыту  бағыты бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізеді, ата-аналарымен үнемі байланыста болады.

     Мамандық бойынша кабинеттер оқытуға қажетті оқу-әдістемелік кешенімен жабдықталған. Оқу процесі 2016 жылғы МЖМББС сәйкес ұйымдастырылған. Оқу-әдістемелік жұмыс оқу графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу жүктемесі оқытушының біліктілігі мен  негізгі білімін ескере отырып үлестіріледі.

    Оқу-өндірістік және диплом алды тәжірибелері оқу процессінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу өндірістік тәжірибесі “ЮжКазМедТех” және ОКДМО өтіледі. Тәжірибе аяқталғанда тәжірибе жетекшілері мінездеме  толтырып, қорытынды баға қояды. ӨОТ мен диплом алды тәжірибенің нәтижелері білім алушылардың күнделігіне жазылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес текстік және сандық есептерде көрсетіледі.