Жоғары медицина колледжінде Сапа менеджменті жүйесі ендірілген және  ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандарты талаптарына сәйкестікке сертификатталған (14.10.2008 жылы NQA global assurance кампаниясымен №24916 сертификат берілген). 2014 жылы «Жоғары медицина колледжі» МКК-ның сапа менеджменті жүйесі NQA кампаниясының уәкілдік берілген ұйымымен ISO 9001:2008 стандарты талаптарының сәйкестігіне бағаланып тіркелді.

Колледждің қызметі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, бітіруші түлектердің кәсіби дайындығы сапасын жоғарылатуға, оқу процесін қарқындатуға, білім берудің жаңа формаларын іздестіруге, болашақ мамандардың жеке тұлға ретінде дамуына, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, оқу базасын дамытуға бағытталған. Сапа менеджменті жүйесі колледж саясатын жүзеге асыруға және мақсаттарына қол жеткізуге қабілеттендіреді.