Шымкент жоғары медицина колледжінің әдістемелік қызметі

Шымкент жоғары медицина колледжіндегі әдістемелік жұмыс ҚР «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 26 қарашасындағы №583 бұйрығымен бекіткен «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесіне» сәйкес ұйымдастырылған.

      Колледждің әдістемелік жұмысын жоспарлау ісі Қазақстан Республикасының заңдары,  нормативтік құжаттары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына, әдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін толық айқындайтын Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  нормативтік құжаттарына, нұсқаулары мен бұйрықтарына  негізделген.

Әдістемелік жұмыстың басты міндеттері:

·         нормативтік-құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;

·         жаңа оқу бағдарламаларын зерделеуді ұйымдастыру және оларды оқу үрдісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;

·         кәсіптік шеберлікті анықтау мақсатымен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

·         педагогикалық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік талдамаларға және құралдарға, оқытудың техникалық құралдарына шолу жасау;

·         педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлеріне жаттығуларды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және оқудан тыс шараларды ұйымдастырып өткізу бойынша нұсқауларын өткізу.

 

Колледждің әдістемелік қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

-білім беру мекемесіндегі  оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыздығын жүзеге асыру және оны жетілдіру;

- оқытушылардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау барысын жетілдіру;

- білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмысты үйлестіру;

- жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізуді ұйымдастыру, орын алып отырған әдістерді, оқыту құралдарын жетілдіру жолдарын қарастыру;

- педагогтар аттестациясын ұйымдастыру.

 Осындай басым бағыттарға сәйкес негізгі мақсаттар мен  міндеттер, оларды жүзеге асыру жолдары белгіленген. 

Шымкент жоғары медицина колледжінің әдістемелік жұмысын басқаратын алқалы органдары - әдістемелік кеңес пен педагогикалық кеңес. Колледждің әдістемелік жұмысын әдістемелік кеңес үйлестіреді.

Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:

-білім беру мекемесіндегі  оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыздығын жүзеге асыру және оны жетілдіру;

- оқытушылардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау барысын жетілдіру;

- білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмысты үйлестіру;

- жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізуді ұйымдастыру, орын алып отырған әдістерді, оқыту құралдарын жетілдіру жолдарын қарастыру;

- оқытушылар аттестациясын ұйымдастыру.

Колледждегі оқу-тәрбие үрдісінің әдістемелік қамсыздандыру жүйесі колледждің әдістемелік кеңесінен, әдістемелік кабинеттен, оқу-ақпараттық орталықтан және пәндік/циклдік әдістемелік бірлестіктерден құрылған.

Әдістемелік кеңес мәжілістері екі айда бір рет жиілігімен жиналады.

Педагогикалық кадрлардың 2017-2018 оқу жылындағы аттестациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес жүргізілуде.

2017-2018 оқу жылында Шымкент медицина колледжінің әдістемелік жұмысы «Оқу процесін жетілдіру жолдарының бірі ретінде жаңа оқу технологияларын қолдану» бірыңғай тақырыбымен жалғастырылуда. Колледждегі әдістемелік жұмыс ұжымдық және жеке нысанда іске асырылады.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары колледжде келесі үлгілерінде көрініс табады: циклдік (пәндік) әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, озық педагогикалық тәжірибе мектебі, бастауыш оқытушылар мектебі, нұсқау беруді көздейтін әдістемелік мәжілістер, семинарлар,  конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Колледж оқытушылары циклдік (пәндік) әдістемелік бірлестіктерге топтастырылған. Колледжде жалпы 12 ЦӘК (ПӘК) құрылды:

1.    Анатомиялық-физиологиялық пәндер бірлестігі.

2.    Фармацевтикалық пәндер бірлестігі.

3.    Клиникалық пәндер бірлестігі.

4.    Акушерлік, гинекологиялық және хирургиялық пәндер бірлестігі.

5.    Балалар аурулары және жұқпалы аурулар пәндерінің бірлестігі.

6.    Санитарлық-гигиеналық және зертханалық диагностика пәндерінің бірлестігі.

7.    Химиялық және биологиялық, информатика пәндер бірлестігі.

8.    Стоматологиялық пәндер бірлестігі.

9.    Мейірбикелік технологиялар пәндерінің бірлестігі.

10.  Тіл дайындығы пәндері бірлестігі.

11.  Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі.

12.  Дене тәрбиесі және валеология пәндерінің бірлестігі.

Әдістемелік бірлестік төрайым/төрағаларымен нұсқау беру әдістемелік жиындары өткізіліп тұрады. Мәжілістер әдістемелік кабинет хаттамаларымен рәсімделеді.

Әр әдістемелік бірлестік өзінің апталықтарын оқу жылының басында бекітілген жоспарына сәйкес орындауда. Сонымен қатар, колледж оқытушылары бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтарды өткізуде. Ашық сабақтарда оқытушылар студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, білім сапасын қамтамасыз ету мақсатымен оқытудың түрлі заманауи әдістері мен тәсілдерімен кеңінен бөлісуде.

Педагогикалық қызметін жаңа бастап отырған оқытушылардың педагогикалық қызметке жылдам бейімделуіне ықпал етіп, жұмысын жүйеге салу ісінде көмек көрсету мақсатымен колледжде «Бастауыш оқытушы мектебі» жұмыс жүргізеді. Мектептің жұмысын ұйымдастыруға әдіскерлермен қатар тәжірибелі оқытушылар да белсенді үлес қосады. Бастауыш оқытушылар мектебінің жұмысы оқу жылының басында бекітілген жоспарына сәйкес жүргізілуде. Колледжде ағымдағы жылы педагогикалық қызметін жаңа бастаған 17оқытушы бар, олармен жүйелі жұмыс жүргізілуде:

- ұйымдастыру шаралары: әдістемелік нұсқаулар топтамасын тапсыру рәсімі, бастауыш мамандарға сауалнамалар тарату, өзін өзі таныстыру, тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысуды ұйымдастыру;

-дидактика, психология, педагогика мәселелері бойынша сабақтар;

-сабақты талдау, студенттердің білімі мен дағдыларын бақылау, сабақты мақсатына қарай жіктеу, оны ұйымдастыру мәселелері, қарым-қатынас психологиясы, интернет желісін, ақпараттық технологияларды, интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану мәселелерін қарастыратын практикумдар;

-жеке кеңестер.

Қызметін жаңа бастаған оқытушыларға көмек көрсету мақсатымен тәлімгерлік жұмыс ұйымдастырылған. Колледж директорының бұйрығымен бастауыш оқытушылар тізімі мен олардың тәлімгерлері бекітілген.

Бастауыш оқытушыларға арнап өткізілген жаттығулардың материалдары әдістемелік кабинетте жинақталған. 

Колледж студенттерінің оқу-ізденіс жұмысы пәндік үйірмелер аясында ұйымдастырылады. Осылайша, 2017-2018 оқу жылында колледже 34 пәндік үйірме, 9спорт секциясы жұмыс жүргізіп, 912студент қамтылды.

 

Жұмысының нәтижелерімен үйірмеге қатысушы студенттер  өздерінбілімдерін, алғырлығын көрсету мақсатында республикалық, облыстық және жергіліктііс-шараларға қатысуда:

ОҚО Білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті» ұйымдастырылуымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің спартакиасында үстел теннисі спорт түрінен ІІІ орын иеленгені үшін «Шымкент жоғары медицина колледжі» Аштарханов Дархан дипломмен марапатталады.

«Өрлеу» республикалық педагогикалық ғылыми басылымында «Үздіксіз педагогикалық білім» атты мақаланы жариялаған еңбегі үшін Нуримов Бауржан құрмет грамотасы және сертификат берілді.

«Өрлеу» республикалық педагогикалық ғылыми басылымында «Үздіксіз педагогикалық білім» атты мақаланы жариялаған еңбегі үшін Садирмеков Асқар құрмет грамотасы және сертификат берілді.

ҚР медициналық колледждерінің арасында «Фармация» мамандығы бойынша өткізілген Республикалық дистанционды «Үздік электронды оқулық» байқауында «Шымкент медицина колледжі» МКҚК-нің оқытушылары «Анатомия» электронды оқу құралының авторлық ұжымы М.А.Султанов, Г.А.Дарибаева, Р.Ж.Кенешбаева, Л.Е.Серикова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

29.11.17ж. ОҚМФА, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент жоғары медицина колледжінің ұйымдастырылуымен «Біз ЖИТС-қа қарсымыз» атты форумға қатысқаны үшін        Шымкент медицина колледжі І орын, колледж студенті Ж.Айтмырза І орын, Ж.Қуаныш ІІІ орынға ие болды.

27.10.17ж  «Жастар және ғылым» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясының жинағында материалдары еніп, марапаттаулар мен жетістікке жеткен студенттер тізімі: 

- Бас жүлдені иеленгені үшін дипломмен АК 16 «Г» студенті Жұмаділ Л.Б марапатталды. Жетекшісі: Айтуганова С.А.

- Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін МБ 16 «А» студенті Қалмахан А.М сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Зайтинова У.Е. 

- Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін МБ 16 «Д» студенті Сансызбай А.Н  сертификатқа ие болды. Жетекшілері: Кенешбаева Р.Ж, Серикова Л.Е.

 

«Ең үздік талдамалар» республикалық кәсіби байқауына қатысып, дипломмен марапатталған оқытушылар тізімі:

-          Асылхан А.М, Кенешбаева Р.Ж. «Үздік сабақты әзірлеу» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом;

-          Айтуганова С.А «Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом;

-          Пазылова Б.К «Лучшая методическая разработка» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом;

 

Қазақстан Республикасының «Кардиология және Ішкі ауруларының ғылыми зерттеу институты» ұйымдастыруымен «Мәнгілік ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты екінші Республикалық байқауының қорытындысы бойынша М.Султанов «Үздік тіл маманы» аталымында дипломымен, А.Елібаева «Үздік тіл оқытушысы», М.Жумашев «Тіл жанашыры» және А.Асылхан «Жас дарын» төс белгілерімен марапатталды.

 

«Интернет конкурсы» сайтына авторлық материалдарын жіберіп, төмендегі оқытушылар сертификатқа ие болды:

-          А.Т.Асан «Seasens and weather» тақырыбында ашық сабақ;

-          К.К.Канходжаева «Дәрі-дәрмектерді дайындау технологиясында мөлшерлеу: салмағы, көлемі» лекциялар жинағы;

-          Б.К.Пазылова «Карбоновые кислоты жирного ряда и их производные» тақырыбында ашық сабақ;

-          С.Ж.Балкыбекова «Human anatomy. The noun»тақырыбында ашық сабақ;

-          А.М.Асылхан «Қан айналым физиологиясы» тақырыбында ашық сабақ;

-          М.Т.Ташева «Балалардағы жұқпалы аурулар» кіріккен ашық сабағы;

-          Айтуганова С.А «Отбасы – бақыт мекені» отбасылық кездесу сабағы

-          Ажмуханова С.А «London. Будущее продолженное время»

 

2017-2018 оқу жылындағы қаңтар педагогикалық оқулары

2018 жылдың қаңтар айының 25-і мен 27-і аралығында колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру, орта буынды болашақ медицина қызметкерлерін даярлау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстырып, оқу процесіне ендіру, шығармашыл ұстаздарды, оларды озық педагогикалық тәжірибесін анықтап, таратуға ықпал етуге арналған «Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны» тақырыбымен дәстүрлі Қаңтар педагогикалық оқулары өткізілді. Жоспарға сәйкес алғашқы күнінде баяндамалар, мастер-класс, психологиялық семинар-тренингтер жүргізілді.  

Төмендегі тақырыптарда баяндамалар жасалды:  

1)        «Микробиология пәнінде  студенттердің білім  сапасын арттыру үшін бағалаудың тиімді әдістері»

(Сайлауова М.Ж. – микробиология пәнінің оқытушысы)

2)          «Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы бағалау»

(Маханова Х.К. – әлеуметтік пәндер оқытушысы)

3)         «Активизация мыслительной деятельности при проведении бинарного занятия»

(Баянбаева А.А. - анатомия пәнінің оқытушысы)

4)         «Шымкент жоғары медицина колледжінде дене тәрбиесі сабағында бағалау түрлері»

(Шарафутдинов А.Р. - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы)

5)         «Методы критериев оценки среди клинических дисциплин»-дискуссия  (Петраковская И.В. – хирургия пәнінің оқытушысы)

6)          «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологияны оқыту тиімділігі»

(Колдасова А.К. - информатика пәнінің оқытушысы)

7)         «Мейірбике ісі негіздері пәнін оқытуда симуляциялық орталықтың тигізетін әсері»

 (Орынбай А.А. - мейірбике ісі пәнінің оқытушысы)

8)         «Маркетинг және заманауи технологияларының дәріхана желілеріндегі рөлі және оқытуда алатын орны»

(Бегеметова Г.А. - фармацевтикалық пәндерінің оқытушысы)

9)         «Валпласт протездерін жасау технологиясын студенттерге меңгерту процесінде олардың білімі мен шеберлігін бағалау әдістері»

 (Ордабеков К.Х -стоматологиялық пәндерінің оқытушысы)

10)     «Критериальное оценивание учебных достижений на практических занятиях русского языка»

 (Туребаева В.К. - кәсіби орыс тілі пәнінің оқытушысы)

 

Колледж оқытушылары Есенбекова Л.У., Жантасова Б.К., Айтуганова С. А. «Клиникалық пәндерде тәжірибелік сабақты өтуде студенттердің білімі мен коммуникативті дағдыларын бағалау ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өткізді. Сонымен қатар колледж психологы Т.Оразбекқызы «Заманауи педагогтың имиджі» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өткізді.

 

«Үздік бастауыш оқытушысы-2018»

Қаңтар педагогикалық оқуларының екінші күнінде «Үздік бастауыш оқытушысы-2018»  байқауы өткізілді. Байқауға 7 бастауыш оқытушы қатысты.

1.  Асылхан А.М – «Анатомия-физиология пәндерінің циклдік әдістемелік бірлестігі»

2.  Мамыр М.Қ -  «Мейірбикелік технологиялар»  циклдік әдістемелік бірлестігі»

3.  Смайлхан Г.Ш – «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі

4.  Ускенбаева А.Ж – «Химия, биология және информатика пәндерінің  циклдік әдістемелік бірлестігі

5.  Бейсеева Ш.Н – «Фармацевтикалық пәндері циклдік әдістемелік бірлестігі

6.  Кожабекова В.Б– «Клиникалық пәндері»  циклдік әдістемелік бірлестігі

7.  Ташева М.Т– «Педиатрия, жұқпалы және тері аурулары» циклдік әдістемелік бірлестігі

 

Байқау 2 кезеңде өткізілді.  І кезең бойынша құжаттарды жүргізу, оқу-әдістемелік жұмыс, педагогикалық шеберлігі бөлімдері бойынша қаңтардың 22-24 аралығында сараптау комиссиясы бақылау жүргізді, ал ІІ кезең бойынша 26 қаңтар күні  «Таныстыру», «Педагогикалық жағдайды шешу», «Менің сабағымнан үзінді», «Менің портфолиом», «Менің сабағым», «Менің хоббиым» бөлімдерін қоса жинақтап, байқауды қорытындылады.

Байқаудың қорытындысы бойынша«Үздік бастауыш оқытушысы-2018» номинациясы ие болған Асылхан Ақжарқын Мұратқызы мадақтамамен марапатталды. Қалған қатысушы конкурсанттар  Мамыр М.Қ, Смайлхан Г.Ш, Ускенбаева А.Ж,         Бейсеева Ш.Н, Кожабекова В.Б, Ташева М.Т алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қаңтар педагогикалық оқуларының үшіншікүнінде әдістемелік кеңестің үшінші  отырысы және біліктілік арттыру курстарынан өткен төмендегі оқытушылар  өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасады:

1)    «Клиникалық пәндерде білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту»  (З.Ахатова)

2)    « Өкпенің жасанды желдеткіші  аппараттарының  құрылымы  мен  жұмыс  істеу  принциптері» (М.Ш.Сейтов-стоматологиялық пәндерінің оқытушысы)

3)   «Применение современных методов лапароскопии на практических занятиях по гинекологии» (Ж.Б.Ургеничбаева - акушерия пәнінің оқытушысы)

4)    «Гигиена және эпидемиологиядағы өзекті мәселелер»  (Ж.Е.Торгаутова-санитарлық-гигиеналық пәндерінің оқытушысы)

5)    «Заманауи денсаулық сақтаудың қажеттілігіне сай, халықаралық деңгейді қамтамасыз ету құралы ретінде мейірбике ісінің жаңа моделі» (А.Д.Бижанова-мейірбикелік технологиялар циклдік әдістемелік бірлестігінің төрайымы)

6)   «ХХІ ғасырдағы психологияның дерті - стресс» (Т.Оразбекқызы – психолог)

 

Әдістемелік кеңестің үшінші отырысы

1.      Әдістемелік кеңес  шешімдерінің орындалуы (әдіскер М.Ж.Шәрібек)

2.      Қазақстан Республикасында мейірбикелік істі дамытудың 2016-2020жж. арналған кешенді бағдарламасы бойынша колледжде атқарылып жатқан жұмыс барысы. (Б.Т.Ташкенбаева- мейірбике ісі бөлімінің  меңгерушісі)

3.      2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасындағы орта медициналық қызметкерлерді даярлауда ғылыми зерттеу әдістері мен тәжірибелік жұмысын ұйымдастыру.(Л.У.Есенбекова-клиникалық пәндерінің циклдік әдістемелік бірлестігінің төрайымы)

4.      Орта буынды медицина қызметкерлерін даярлау үрдісінде жалпы кәсіптік пәндердің алатын орны. (А.А.Поштаева – химия биология және информатика пәндерінің циклдік әдістемелік бірлестігінің төрайымы)

5.      Педагог кадрларды аттестаттау жұмысының барысы. (Г.Дарибаева-әдістемелік бөлменің меңгерушісі)

6.      Кәсіптік, интеллектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, әлеуметтік белсенділігі мол, денсаулығы зор, нақтылы кәсіби бағыттылығы мен кәсіптік құзыреттілігі бар, ҚР азаматы және патриоты ретіндегі студент тұлғасының қалыптасуы, өзіндік өсуі, өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау (М.К.Абдыханов-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)

7.      Әртүрлі мәселелер (әдістемелік кеңес төрағасы –М.А.Султанов)

 

 

«Медициналық білім беруде тәжірибе алмаса отырып, стратегиялық әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту» атты халықаралық әдістемелік-кеңес семинары

2018 жылдың 14 ақпанында колледжімізде «Медициналық білім беруде тәжірибе алмаса отырып, стратегиялық әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту» атты халықаралық әдістемелік-кеңес семинары өткізілді.

Семинарға ОҚО Білім басқармасы әдістемелік кабинеті ТжКБ бөлімінің басшысы Н.А.Калиева, облыстың тәжірибелі денсаулық сақтау өкілдері, БАҚ өкілдері және колледж оқытушылары мен «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының студенттері қатысты.

Семинар медициналық білім беруде тәжірибе алмаса отырып, стратегиялық әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жаңа медициналық жабдықтар туралы ақпарат алу, өндіруші зауыт өкілдерінің әдістемелік және кеңестік көмек көрсетуі, өндіруші зауыттың жаңа медициналық жабдықтарды ұсынуы және медициналық жабдықты орнату, пайдалану, қызмет көрсету, диагностика және жөндеу әдістерінде теориялық және практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында өткізілді.  

Халықаралық әдістемелік-кеңес семинарына Ресей Федерациясының «Орал құрал - жабдықтар жасау зауыты» АҚ-ның өкілдері – эксплуатация бөлімінің бастығы  О.Корелин,  сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы Е.Кузнецова және дәрігер-аппликатор Ю.Хрипун өздерінің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен өндіруші зауыттың жаңа медициналық жабдықтарын ұсынды. Орал құрал - жабдықтар жасау зауытының мамандары «АВЕНТА-М» өкпені жасанды желдету құрылғысы, «АВЕНТА» жоғары денгейдегі реанимациялық құрылғысы және  «ПОТОК» жаңадан туылған нәрестелерге арналган өкпені жасанды желдету және тағы да басқа құрылғылардыңжұмыс жасау барысын түсіндіріп, көрсетті.