Кітапхана

ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі -  кітапхана. 

                                        Н.Назарбаев.

   Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы.

   Жоғары медициналық колледжінің кітапханасы осы оқу орнының орта буын медициналық қызметкерлер даярлау ісіне қатысатын маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ол кез-келген бөлімшесі секілді осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Колледж тарихына үңілсек, біздің кітапхана өз бастауын сонау алыстағы 1930 жылдан бастаған. Кітапхана жатақхана ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Кітапхананың жалпы көлемі 294 кв м.

    Кітапхана аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін сағат  9-дан, кешкі 18-ға дейін жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 9- дан, 15-ке дейін.

Кітапхана мақсаты:

Колледждің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде өзінің бірегей көп салалы кітап қорымен оқу тәрбие үрдістерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

 Оқытушыларға, қызметкерлерге, оқушыларға  ақпарат қажеттіктеріне сәйкес толық әрі ұтырлы кітапханалық және ақпараттық  қызмет  көрсету;

Пайдаланушылардың білім және кәсіби қажеттіктерін қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету.

Кітапхана пайдаланушыларға абонементте, оқу залында, электронды оқу залында қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

   Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған. Жан-жақты және бай кітап қоры- бұлар оқулықтар, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттер, анықтамалық - библиографиялық құралдар, энциклопедиялық басылымдар, әртүрлі көркем әдебиет, жаздырып алынатын мерзімді басылымдардың үлкен көлемі.

Кітапхана   қоры  77107 дананы  құрайды. Оқулықтар –38149 дана, көркем әдебиет – 15403 дана, оқу әдістемеліктер – 23300  дана. Электронды оқу құралдары -255 дана. Мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітап қоры  18396  дананы  құрайды.

   Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Мысалы: әңгімелесу, қарым-қатынас сағаты, оқырман конференциясы, көрмелер, шолулар және басқа да іс-шаралар.

Кітапхана меңгерушісі: Садырбаева Замира Калиевна

 

Абонемент

  Абонемент  оқырмандарды  кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

Кітапхана  абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:

- оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;

- оқытушылар мен студенттер және колледж  қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын  толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;

- қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;

- оқырманға  ақпарат  таңдауда консультациялық көмек көрсету.

 

Оқу залы

   Колледж студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер  мен  мерзімді басылымдар жинақталған.

Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:

- пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет    көрсету;

- ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;

- оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;

- анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;

- ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.

Оқу залында оқытушылар мен оқушылар   басылымдардың жаңалықтарымен танысып, реферат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады. 

 

Мерзімді басылымдар бөлмесі

   Жыл сайын мерзімді басылымдарға 1016218,31 теңге қаражат бөлініп отырады. Кітапхана газет пен журналдардың 60 түріне жазылады, соның ішінде мемлекеттік тілде 25 түрі бар. Олар:  «Денсаулық», «Заң газеті», «Мейірбике ісі», «Қазақстан тарихы әдістемелік журнал», «Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту», «Егемен Қазақстан», «Ақиқат», «Сынып жетешісі», «Валеология салауатты өмір салты», «Өзін-өзі тану» және т.б.; медициналық басылымдарының 25 түрі :  «Медицина», «Медицинская сестра», «Сестринское дело», «Лечащий врач», «Зубной техник», «Фармация» және т.б.; педагогикалық басылымдар:   «Образование», «Среднее профессиональное образование», «Специалист» және т.б.; қоғамдық-саяси басылымдар: «Казахстанская правда», «Официальная газета»,  «Экспресс К», «Юридическая газета», «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті»  және т.б.

 

Электрондық оқу залы

   Оқытушылар мен студенттерге  жүйелі түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

  Электронды оқу залы 17 компьютер, 8 планшет, кітап сканері, ксерокспен  жабдықталған. Электронды оқу басылымдарымен кітапхананың  қоры толықтырылып отыр. Электрондық оқу залының  мақсаты кітапхана қызметінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету. Бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істеу, интернет ресурстарын жүйелеу, түрлі электрондық қызметтер көрсету, және бөлімнің электрондық түрдегі қорын байыту.   Электрондық оқу залында кітапхана оқырмандары электронды сөздіктерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, CD-ROM-дар мен DVD ақпараттарды пайдалануларына болады.

  Электрондық оқу залы бөлімі қызметінің басты бағыты кітапаханаға пайдаланушылар үшін ақпараттарды кеңейтуге арналған ақпараттық қызметтердің жаңа формасын енгізу, бөлім қорын электрондық ресурстармен толықтыру. Сіздерге әрқашанда жаңа технологиялармен жұмыс істеуге кітапханашылар көмектерін көрсетуге дайын. Біз оқырмандарға уақыт талабына сай қызмет көрсетуге тырысамыз және де сіздердің лебіздеріңізді әрқашанда ықыласымызға аламыз!