Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  зор  екендігін  бәріміз  білеміз. Спортпен  айналысқан  адамның  денсаулығы  мықты, өзі  шыдамды болады. Біздің  ата – бабаларымыз  «тәні саудың - жаны сау» - деп бекер  айтпаған. Спорттың  қай  түрімен  айналысу  адамның қабілетіне байланысты  болады.

     Дене тәрбиесі –тұлғаны  жан – жақты үйлесімді  қалыптастырып дамыту  процесінің  негізгі  бір  саласы.  Себебі  дене  тәрбиесі  тұлға денесінің  қалыпты  жетілуін,  денсаулығының  нығаюын қамтамасыз етуде, олар еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене  тәрбиесі - адамның   денсаулығын  нығайтып, оңтайлы  қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын  адамгершілік  қасиеттері мен ерік жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие  бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдылық, табандылық  қасиеттерді шыңдайды. Қандай да бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының денсаулығына байланысты. Себебі қазіргі қоғам, жоғары қарқын мен дамыған өндірісте дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді.

    Сондықтан  колледжіміздің  дене  тәрбиесі  және  валеология  бірлестігі де  осы  мәселеге  қатты көңіл бөледі, бұған  колледжіміздің студенттер және оқытушылар  спорттық  командаларының  жоғары нәтижелері дәлел.

    2015  жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім, жастар саясаты және тілдерді  дамыту   басқармасының  ұйымдастыруымен жастар арасында  «Студенттік  шақ » фестивалі аясында өткен  «Шынықсаң  шымыр  боласың »  арқан  тарту  спорттық  сайысында  колледж  студенттері  1 - орынды иеленді. Қалалық  спартакиадада   тоғыз  құмалақ  ойынынан  2 - орын, дойбы ойынынан  3 - орын, үстел теннисінен  3 - орын, жеңіл атлетикалық  жарыстарда  ұзындыққа  секіруде  2 - орын  (қыздар), ядро итеру сайысында  2 - орын (қыздар), эстафеталық   жүгіру де  3 - орын (қыздар),  800 метр  қашықтыққа  жүгіруде 3 - орын (ұлдар). Оңтүстік Қазақстан облысы медицина  қызметкерлері арасында болған  жарыста  шахмат ойынынан 3 - орын, қалалық 78 - ші Ұлы  Отан соғысының  жеңісіне  70  жыл толуына  байланысты  «Южный Казахстан» газетінің  жүлдесі  үшін  жеңіл атлетикалық  эстафетада  3 - орын. Сонымен қатар колледжімізде  әр жылы  бірнеше  спорт  түрлері  секциялары, денсаулық  күндері,  салауатты  өмір салтын  ұстану  бөлмесі  жоспар  бойынша  жұмыс  істеуде.

     2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған 31–ші арнаулы орта оқу орындары  спартакиадасы бағдарламасындағы  жеңіл атлетикадан өткен жарыста (ұзындыққа секіру)   1-ші орын алған үшін СФ 14 тобының студенті Мырзаханов Н.,үстел теннисінен Оңалбен Ж. 1-ші орын, 100 метр жүгіруден  ФР 15 тобының студенті Усайын Б. 3-орын, ядро лақтырудан ЗТ 14 тобының студенті Шышман-оглы Х. 3-ші орын иемденді және колледждің қыздар волейбол командасы 3-ші орында.

2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына»

арналған облыстық білім қызметкерлерінің спартакиадасында арқан тартудан 1-ші орын,үстел теннисінен 3-ші орын.

2016 жылы «Медицина қызметкерлері  күніне байланысты  өткізілген  облыстық спартакиадада  арқан тарту спорттық сайысында 2-ші орын, үстел теннисінен 3-ші орын иеленді.

«Білім  өрісі  биік,  денсаулығы  мықты  ұрпақ  ең  басты  байлық »,-деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  байлығымыз – жастардың  салауатты  өмір  салтын  сақтап,  дені  сау  ұлт  болып  қалыптасуына  күш – жігерімізді  саламыз.