Оразбекқызы Таңсұлу колледж психологы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2011 жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығына сәйкес Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын    бекіту туралы заңы.

 Психологиялық қызметтің мақсаты -білім беру ұйымдарында педагогтар мен студенттер арасында психологиялық  дағдарыстарды алдын алу сонымен қатар психологиялық қолайлы қызмет (кеңес, тренингтер) қолдау көрсету.

Психологиялық  жұмыстың  бағыттары:

1. Консультациялық бағыт

  • Білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға олардың сұраныстары бойынша консультация беру кесте жасау;
  • Білім алушыларға жеке тұлғалық, өзін-өзі бағалаупроблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
  • Күйзелістік, жанжалдық, эмоционалдық жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

2. Ағартушылық-профилактикалық бағыт

  • Студенттердің  ата-аналар комитетімен жұмыс жасау, суицидтың алдын алу;
  • Педагогтармен студенттер арасындағы түсініспеушілік алдын алу;
  • Студенттер арасында болатын аутоагрессиялық мінез-құлқының алдын алу;

Психологиялық қызмет

Психологиялық көмек колледждің № 401 кабинетте көрсетіледі. Оқытушылар, қызметкерлер, студенттер,  ата-ана немесе асыраушылар мына уақыт аралығында психологиялық қызметке жүгіне алады:  9-00-ден 17-00-ге дейге дейін уақыт аралығында.  

Студенттерге арналған тренинг ойындары арқылы  өзінің жан дүниеңді танып біліп, қоршаған ортамен байланысын ұғынады. Өзінің қасиеттерімен әдеттерін, мінез құлықын әртүрлі сезімдермен эмоциялар туралы ақпарат біле алады.

 

Келіңіздер, мазалаған сұрақтарды қойып өміріңіздегі маңызды шешімді қабылдаңыз!

 

Психологиялық треннинг барысы.

Психологиялық Арт терапиясы