Жоғары медицина колледжінің симуляциялық орталығы.

Симуляциялық орталық 2014 жылдың қаңтарында  27.07.2007 жылғы ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Президентінің 29.11.10 жылғы  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»  Жарлығына,  ҚР Үкіметінің 11.02.2011 жылғы №130 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы білім саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және Жоғары медицина колледжінің кешенді бағдарламасына сәйкес құрылған. Симуляциялық орталық Жоғары медицина колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Симуляциялық орталық студенттердің практикалық кәсіби дағдыларын колледждің іске асырып отырған орта кәсіби мамандықтар бойынша бекітілген жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес тренажерларда, муляждарда, фантомдарда, манекендерде қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Симуляциялық орталық  Жоғары медицина колледжінің 5 қабатында орналасып, 342 шаршы метр ауданын алуда.

Орталық құрамына  мейірбикелік манипуляциялардың, терапияның, педиатрияның, хирургияның, акушерлік және гинекологияның оқу кабинеттері енеді. 

Орталық жергілікті компьютерлік желімен және оқу мониторингі жүйесімен жабдықталған, оның арқасында оқу үрдісі мен пратикалық дағдыларды шыңдау барысы түгелімен оқу кабинеттерінде орнатылған бейнекамераларға жазылып, симуляциялық жаттығуларды орындау барысында оқушылардың игерген тәжірибесі талдауға түсетін дебрифинг залында көрсетіледі.

Симуляциялық орталық заманауи механикалық тренажерлармен, муляждармен, фантомдармен, манекендермен, сонымен қатар науқастың симулятор-роботтармен жабдықталған, осының арқасында  науқаспен жұмыс жүргізудің практикалық икемдерін шыңдап, болашақ маманның клиникалық ойлау қабілетін пысықтауға мүмкіндік бар.

ЖМК-нің симуляциялық орталығыныдағы  оқу үрдісі толығымен  симуляциялық оқыту ерекшеліктері бойынша арнайы нұсқамадан өткен сәйкес клиникалық пәндер оқытушыларымен, орталық қызметкерлерінің тікелей қатысуымен іске асырылады.