Тәрбие жұмысының жүйесі оның мазмұны  және әдістері әрбір білім алушының қабілеттерін дамытуға, колледждегі қоғамдық жұмыстарға қатысуға, өзіндік жеке пікірін білдіруге, өзіндік ойлары мен жеке қызығушылықтарын қорғауға, оларды маман ретінде қалыптастыруға бағытталған. Тұтастай алғанда колледждің барлық тәрбие жұмысы директормен бекітілген оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына директордың оқу-тәрбие ісі жқніндегі орынбасары және жастар ісі жөніндегі инспекторының жетекшілігімен жүзеге асырылады.  Тәрбие жұмысы білім беру процессінің негізгі бөлігі болып табылады, және бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Рухани адамгершілік тәрбие;

  • Патриоттық тәрбие;
  • Құқықтық тәрбие;
  • Діни рухани тәрбие;
  • Кәсіби тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Студенттердің өзіндік басқару  жұмысын дамыту;

Тәрбие жұмысы студенттермен оқу процессі барысында және сабақтан тыс уақытысында жүргізіледі. Колледжде «Студенттік парламент», «Ибн-Сина» дебат-клубы, психологиялық қызмет, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұмыс жасайды. Тәрбие жұмысы мына төмендегілер негізінде жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және білім алушылардың тәрбиесі және білімі жөніндегі барлық деңгейдегі білім беру басқармалары ұйымдарының шешімдері;
  • Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының Типтік ережелері;
  • Өртке қарсы қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбек нормаларын сақтау ережелері;
  • Колледждің жергілікті құқықтық актілері және жарғысы (соның ішінде колледждің «Ішкі тәртіп ережелері», директордың жарғылары мен үкімдері);

Бекітілген білім беру сапасы бойынша колледждің мақсаттары мен саясаты.