5 желтоқсан күні Шымкент жоғары медицина колледжі оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде «Өрт және құтқару сәтіндегі медициналық алғашқы көмек» тақырыбымен шеберлік сағаты өткізілді. Бұл шеберлік сағатының мақсаты студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытып, командалық жұмыспен ұштастыру. Шеберлік сағатында колледж оқытушылары әр түрлі жағдаяттардан шығудың әдіс-тәсілдері жөнінде өрт сөндіру қызметкерлерімен бөлісті. Колледж оқытушыларының білім мен дағдыны қатар тізгіндеп, шеберліктерін паш еткеніне №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудыртты. Мұндай іс-шараларды екі тараптан жүргізудің болашақта өрісі кеңейеді.