11 желтоқсан күні Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ИЧ – 167/2 түзету мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Айбек Жылқайдарұлы Тәңірбергенов колледждің бітіруші студенттерімен қылмыстық атқару жүйесі, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы кездесу өткізді. Және бітіруші студенттерге Қылмыстық атқару жүйесінде орта буынды медицина қызметкерлерінің жетпіспейтінін айтып, жұмысқа шақырды.