Қараша айының 26 мен желтоқсан айының 07 аралығында «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» атты он күндігі өткізілді.

  - Жалпы гуманитарлық және кәсіптік пәндер он күндігі бойынша 1 курстар студенттерінің арасында қабырғалықтар көрмесінде «Кім жылдам», «Ойлан тап», ребустар, сөз жұмбақтар, логикалық сұрақтар бойынша жауап берген студенттер он күндікті қорытындылау кезеңінде белсене қатысқаны үшін мараппатталды.

   - «Елбасы - жыр әлемінде» тақырыбында студенттер  арасында патриоттық өлеңдер кеші өткізіліп, студенттер алғыс хаттармен мараппатталды.

   -«Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында оқытушылар арасындағы семинар – тренинг, «Тілдерді дамыту» орталығының  маманы  Абдугаппарова Гулшахар Өтебайқызының қатысумен өткізілді.

 - Информатика пәнінің оқытушысы Ж. Қамбарова  «Microsoft Access  берілгендер қорында кестелер және оларды құру» тақырыбындағы ашық сабағын  МБ 17 «А» тобымен  өткізді.

- «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында студенттер арасында  дөңгелек үстелді   А. Есенбекова,  Н. Төрекулова дайындады.

- «Тұқым қуалауға бейім аурулар және оларды алдын алу шаралары дөңгелек үстелін биология пәнінің оқытушылары А.Поштаева, Ш.Избасарова, А.Ускенбаева дайындап, колледжіміздің педиатрия және ішкі аурулар пәндерінің оқытушылары А.Қоңырбекова мен Е.Кашкенованың қатысуымен өткізді.

- «Ұлы даланың жеті қыры» ҚР президенті Н.Назарбаевтың мемлекет тарихы туралы жазған мақаласымен саясаттану пәнінің оқытушылары

Е Дүйсебаев, М Ақылбаева студенттердің қатысуымен өткізді.

-Химия пәнінен «Химияның медицинадағы маңызы»  тақырыбындағы дөңгелек үстелді  Ж.Шәбден, Э.Карибаева  фармакология пәнінің оқытушыларының қатысуымен өткізді.

- 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай «Елін сүйген –елі сүйген елбасы» тақырыбында А.Оспанбаева, С.Алимбетова тарихи сазды кеш өткізді.

- «Ата заңым – айбыным!» тақырыбындағы студенттер арасындағы дөңгелек үстел, жауапты оқытушы  Д.Қожаналиева. - Информатика пәнінің оқытушылары С.Айткулова, А.Қалдыбаева,

Э.Нұрмаханбетова, Ж.Қамбарова студенттер арасында «Жас информатик» танымдық сайысын  өткізді.

- «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан!» тақырыбындағы  ауызша форматында журналды  Х. Маханова,  А. Есенбекова дайындады.

- Қазақстан тарихы пәнінен оқытушы Ә.Әділбай ФР18«В» тобының 1916 жылғы  ұлт- азаттық көтеріліс» тақырыбында  ашық сабақ  өткізді.

 - «Мен өмірге құштармын» атты психологиялық тренингті әр мамандық бойынша  студенттердің қатысуымен  психология пәнінің оқытушылары

Г. Сахова,  Н. Садырбаева өткізді.

- Экология пәнінің оқытушысы З.Султан «Экологиялық факторлар» тақырыбында СФ 18 «А» тобымен көрсеткіш сабақ өткізді.

- Қ.Р. Тәуелсіздік күніне орай   «Тәуелсіздік – аңсаған арманымыз, қол жеткен мұратымыз» тақырыбында  Ж.Раева, Ә.Әділбай әдеби мерекелік кеш өткізіп, он күндік қорытындыланды.