II  арнайы пәндер он күндігі бойынша апталықта  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»  тақырыбына сәйкес   «ЖИТС – ғасыр індеті!»,  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»,  «Дұрыс тамақтана білейік»,  «Денсаулық – басты байлық!» атты тақырыбында қабырғалық газеттер ілінді. С. Т. Каратаева, К. К. Канходжаеваның дайындауымен жасалған емдік шөптерден  «Жаз»,«Сергектік»,«Экзотикалық»  атты фито шәйлар  және «Дәрілік нысандар технологиясы» пәнінің оқытушысы  К. К. Канходжаеваның өз қолымен жасаған қолға арналған  «Organic» крем скрабы оқытушылар мен студенттерге ұсынылды. 

 

 

             Арнайы пән оқытушылары  «Сабақта студенттерді белсендіру» атты тақырыбындағы студенттердің пікірі бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы гигиена пәнінің оқытушысы  Ж.Е.Торгаутова  «Сабақта фишбоун әдісін қолдану», микробиология пәнінің оқытушысы М.Ж. Сайлауова «Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер» атты тақырыптарда мастер класс көрсетті.

 

 

             Апталығымыздың үшінші күні  «Қазіргі таңдағы медицинаның өзекті мәселелері» атты тақырыпта колледж студенттері Д. Такир, Ұ. Полатбек, Ж. Әзімхан «Ішек микрофлорасы және жедел тағам», «Менингококты инфекция», «Семіздік – ғасыр  дерті!»  атты тақырыптарында Ұ. Н. Жиембекова, Ш. Т. Бектұрсынова, А. Е. Темірбайдың жетекшіліктерімен баяндама оқыды. 

 

 

- Лабораториялық диагностика мамандықтарының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастырылуымен   «Зертхана қызметінің көкейтесті мәселелері» атты тақырыпта клиникалық лаборатория  және микробиология  мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу қонақтары ЖАА дәрігер лаборант  А. Ш. Ілесова, ЖАА бактериялогиялық зертхана меңгерушісі Қ. Д. Кульжанова, ЖИТС – ның  алдын алу орталығының дәрігер лаборанты Ж. М. Байсалбаева келіп студенттерге мамандықтың қаншалықты жауапкершілігі жоғары екендігін айтып сонымен қатар  қазіргі таңдағы шығып жатқан жаңа аппараттармен таныстырып өтті.

 

 

            «Медицина, фармация саласындағы коммуникативті дағдыларды орнату және негізгі көкейтесті мәселелер» атты тақырыбындағы студенттердің пікірі бойынша дөңгелек үстелді фармацевтикалық пәндер оқытушысы Н. Ш. Бейсеева өткізді.

 

 

 «Канбан технологиясы элементтерін сабақтарда қолдану» атты тақырыбында фармацевтикалық пәндер оқытушысы  Г. Б. Мадиева  оқытушылар арасында семинар өткізді.  Фармацевтикалық  пәндер  оқытушылары Б. К. Пазылова, Ж. А. Тулепбекова «Канбан технологиясының элементтерін фармацевтикалық химия  пәндерінде қолдану» тақырыбында баяндама оқыды.

 

 

              Фармацевтикалық пәндер оқытушылары:А. А. Ербасова, М. Б. Анарбекова, А. Қ. Булдырыкованың ұйымдастырылуымен «ТЕVА – крупнейшая фармацевтическая компания на Казахстанском рынке» атты тақырыпта  студенттер арасында медицина өкілдерімен  кездесу болып өтті. Кездесуге келген қонақтар «ТЕVА» компаниясының региональды менеджері Ж. Туреханова., «ТЕVА» компаниясының өкілдері: А. Оспанова, А. Темиркулова қазіргі таңдағы фармацевтика саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.

            Ж. А. Тулепбекова  «Миометрияға әсер ететін дәрілер» атты тақырыпта ашық сабақты өткізді.