28.02.2019ж колледжімізде  мәжіліс залында «GPP - Халықаралық стандартты дәріханалық  тәжірибе» (Digital технологияларының дәріхана желілері мен фармацевтикалық кәсіпорындарындағы қолданылуы)   атты ғылыми конференциясы өтті.

Конференция фармацевт бітіруші студенттері, фармацевтикалық пәндер оқытушылары және фармацевтикалық саласы мамандарының қатысуымен жүзеге асты.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты:

Жастар еліміздің болашағы деген қағиданы алға тарта отырып, жастардың көңіліндегі көкейтесті фармациядағы коммуникация қиындықтары мен мәселелерді анықтап, шешу үшін оңтайлы жаңа заманауи талаптарға сай жолдарын қарастыру.

GPP стандартты дәріханалық  тәжірибесінің бүгінгі өмірге енуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.

Жауаптылар: фармацевтикалық пәндер оқытушылары: Бегеметова Г.А., Канходжаева К.К