Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын колледжімізде 12 сәуірде атап өттік. Бұл дәстүрлі түрде тарихқа айналған мейрам. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек.

Ақтүйенің қарны жарылған, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы бойына барлық салт-дәстүрлер мен ұлт ерекшелігін жинаған ерекше күн. Соған орай колледжімізде киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Қазан-ошақтар қойылып, наурыз көже қайнатылып, ұлттық тағамдар дайындалды. Колледж оқытушылары мен студенттері ұлттық нақыштағы киімдеркиіп жаңа жылды тойлады. Сахна тігіліп, ән-биден шашу шашылды. Студенттер қазақ халқының ұлттық дәстүрі «Қайым айтысы» мен «Ұрын бару» салт-дәстүрін көрсетіп, «Наурыз әні», «Теріскей», «Мен қазақпын» әндерін тарту етті. Қонақтарымыз қалалық емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері мен Қырғыз Республикасы, Бишкек қаласынан келген   «Бишкек  медицина колледжі» директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Байдалиева Анар Оморовна - ортаға шығып өз тілектерін білдірді.