«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында колледжде Жастар ісі жөніндегі инспекторы Ш.Жолдасова мен МБ 18 «Г» тобының жетекшісі Э.Нурмаханбетованың басқаруымен осы топтың студенттері  «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді. Студенттер көпұлтты елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен өнерлерін көрермендерге паш етті.