Колледждің жаңа буын студенттері арасында Жастар ісі жөніндегі комитеті мен инспекторы Ш.А.Жолдасованың ұйымдастыруымен «Күлкі – жанның шипасы» атты дәстүрлі КТК (КВН) сайысы өтті. Сайысқа 5 команда қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Қазылар алқасының шешімімен 1 орынды «Емдеу ісі» бөлімі фельдшер біліктілігінің «Аңырақай» командасы жеңіп алып, колледж директорының Грамотасы және студенттер кәсіподақ ұйымының 15000 теңге сыйлығымен марапатталды. 2 орын және 10000 теңге сыйлыққа «Стоматология» бөлімінің «Болаттың балдары» атты командасы ие болды. 3 орын мен 7000 теңге сыйлық – «Емдеу ісі» бөлімі фельдшер біліктілігінің «Витаминдер» командасында.