Ағымдағы жылдың 15 мамырында Шымкент қаласының «Жоғары медицина колледжі» базасында Қазақстандағы «Жастар жылына» арналған «Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы үйірме жұмысының орны» тақырыбында студенттер арасында Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияны колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Султанов Мейірбек Әлібекұлы ашты.

Конференцияның жұмысына Ресей Федерациясы Саха Республикасының Якут және Қырғызстан Республикасының  Бішкек медициналық колледждерінің студенттері мен Республикамыздың Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Жетісай,  Талғар, СҚО, Екібастұз, Онтүстік Қазақстан медициналық академиясы жанындағы медицина колледжі, Шымкент қаласының көпсалалы колледжі, Авиамед колледжі және Алматы, Кызылорды, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, БҚО және Республикалық жоғары медицина колледждері студенттері қатысты.

Жалпы студенттердің 108 ғылыми-ізденіс жұмыстары ұсынылды. Конференция жұмысын ұйымдастыру үшін сараптамалық топ құрылды. Сараптамалық топ жұмысы Шымкент қаласының Білім басқармасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Сүлеймен Айтбай Құрбанұлы, «Онтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-ның «Әлеуметтік-медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Гүлзат Жанабайқызы және «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Кенжеходжаева Ляззат Шакимардановна жүргізді.Конференцияның қорытындысы бойынша студенттердің үздік жұмыстары сертификаттармен және І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі»

МКК-ның әдіскер-оқытушысы   М.Н.Жұмашев