ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментімен «Мейірбикелерді дайындаудағы медициналық білім беру ұйымдарының озық тәжірибесі» тақырыбында 21-22 мамыр 2019 жылдың семинар ұйымдастырылды. Конкурстың жартылай финалынан өткен медициналық университеттердің, медициналық колледждердің, жоғары медицина колледждерінің оқытушылары алты аймақ бойынша кезеңге іріктеліп жіберілді.

     Семинарға қатысушылар атынан ауызша презентациялар, постерлі баяндамалар өзінің озық тәжірибесінде алты аймақ бойынша жарияланды. Осы бойынша Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ "Жоғары медицина колледжі" МКК ұжымынан бірінші аймақ тақырыбына сәйкес, яғни "Көшбасшылық мейірбикелік білім" бағыты бойынша оқытушы м.ғ.м., Ж.Б. Бекназарова постерлі презентация жасады. Сондай-ақ,  төртінші аймақ тақырыбына сәйкес, яғни "Клиникалық базалармен ынтымақтастық" бағыты бойынша Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ "Жоғары медицина колледжі" МКК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Ешова ауызша презентация жасады, және де, алтыншы аймақ тақырыбына сәйкес, яғни «Мейірбике ісіндегі зерттеу және интернационализациялау» бағыты бойынша Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ "Жоғары медицина колледжі" МКК Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі» бөлімінің бөлім меңгерушісі Б.Т. Ташкенбаева ауызша презентация жасады. «Мейірбикелерді дайындаудағы медициналық білім беру ұйымдарының озық тәжірибесі» тақырыбында  ұйымдастырылған семинардың нәтижесінде колледж атынан қатысқан үш қатысушы да іріктелген жартылай финалдың қатысушысы JAMK қолданбалы бакалавр университетінің  сертификатымен марапатталды.