Үстіміздегі жылдың 12 маусымында Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медицина ғылымдары академиясының "Республикалық медициналық колледжі" мемлекеттік білім беру мекемесінің базасында Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған "Тәжікстан Республикасындағы мейірбике ісінің дамуы және медицинадағы заманауи технологиялардың рөлі" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияға тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы медициналық колледждерінің директорлары қатысты. Халықаралық ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында қатысқан колледжіміздің директоры Сейтжамал Орынбасарұлы Пакеев Шымкент қ. ДСБ «Жоғары медициналық колледжінде» Мейірбике ісі мамандарын дайындау қарқыны мен оның жетістіктері туралы конференцияда презентация жасады. Колледж басшысы Сейтжамал Орынбасарұлының бұл ресми іс-сапары Шымкент қ. ДСБ «Жоғары медициналық колледжінде» Халықаралық ынтымақтастықты   арттыру жолындағы тағы да бір жемісі деп атасақ болады.