Ағымды жылдың 01 қазанында колледжде оқытушылар мен қызметкерлеріне МӘМС жүйесін енгізу бойынша колледж әдістемелік бөлменің ұйымдастыруымен  семинар өткізілді. 

Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Султанов ашып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда іске қосылады, - деп тағыда хабарлады.

Сонғы 2 жыл ішінде колледждің тәжірибелі менторлары МӘМС жүйесін енгізу бойынша ОҚО (Туркестан облысы мен Шымкент қаласы) бойынша медициналық ұйымдарда орта буынды медициналық қызметкерлер арасында ақпараттық семинарлар өткізді. Сонымен қатар Шымкент қаласы колледждерінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарының жоспары бойынша семинарлар өткізілуде.

Дегенмен, өкінішке орай, қалың халықтың көпшілігінде МӘМС жүйесі бойынша мәліметтері толық емес, ал кейбір азаматтар әлі де хабарсыз. Осыған орай студенттер, олардың ата-аналары, туысқан, көрші және т.б. ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін атап шықты.

Ары қарай семинарды колледж бойынша МӘМС жүйесіне жауапты әдіскер   М.Н.Жумашев жүргізді. Ол, МӘМС жүйесі нені білдіреді, ол қалай жұмыс істейді, кім, қалай төлейді, осы және т.б. мәселелерге қатысушылардың назарын аударды.

            Семинар барысында пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы қалай қамтамасыз етіледі, жеке клиниканы таңдауға болады ма және бұл жағдайда төлем қалай жүзеге асырылады,  МӘМС-ті енгізуден кейін қандай нәтижелер күтіледі және т.б. сұрақтар кенінен талқыланды.