Мұғалімдер күні қарсаңында 4 қазан күні колледжде «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста бірнеше колледж оқытушылары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімінің және колледж директорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Оқытушы З. Сұлтанның жетекшілігімен МБ 19 «Б» тобының студенттері көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынды.