Жоғары медицина колледжі  Шымкент қаласы колледждерінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында «МӘМС туралы» Заңын (жүйесін) ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, оқытушы Г.А.Бегеметова Шымкент қаласының №4 колледжінде семинар өткізді. Семинар барысында МӘМС жүйесінің артықшылықтары, негізгі ережелері, науқастын жүйедегі құқықтары бойынша  және т.б. сұрақтар талқыланды.