26 қазан күні жалпықалалық сенбілік өтті. Колледж оқытушылары мен білім алушылары колледждің аумағы мен қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бекіткен Айбергенов көшесінде тазалық жұмыстарын  жүргізді. Тазалау барысында жаяу жүргінші жолдары, газондар мен су ирригациялық  жүйелері қоқыстан тазартылды.