Колледж директоры С.О.Пакеев 31 қазан күні Студенттік парламент мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушылар колледжде оқу-тәрбие процесін ары қарай жақсарту туралы ұсыныстар айтып, директорға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. С.О.Пакеев парламент мүшелеріне білім алушылар арасында білімді де білікті маман иесі болу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы айтты.