07.11.2019 жылы жалпы гигиена  пәнінің оқытушысы Ж. Е. Торгаутова  «Тұмау»  атты тақырыбында  білім алушылар  арасында семинар өткізді.  Семинарымыздың мақсаты білім алушылармен  тұмау аурулары туралы ақпарат беру  және эпидемияға қарсы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Семинардың қонағы  жұқпалы аурулар ауруханасының маманы Н. Ү. Юсупов және қалалық салауатты өмір салты орталығының  үйлестіруші  маманы  А. Г.  Жорабаев  өз ақпараттарымен бөлісті.  Сонымен қатар жалпы потология  пәнінің оқытушысы Г. Б. Абдуллаева тұмау ауруының алдын алудың  тиімді жолдары туралы   пайдалы кеңестер берді.