Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар 13 желтоқсан күні  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты салтанатты кешпен аяқталды. Бұл кешті оқытушы Ш.Бектұрсынованың жетекшілігімен ФЛ 19 «А» тобының білім алушылары өткізді. білім алушылар тәуелсіздікке қалай қол жеткізгеніміз, тәуелсіздік жолындағы құрбан болған еліміздің Ер азаматары туралы өлеңдер оқып, ән орыдап,  көріністер қойды. Салтанатты кеште бірнеше колледж оқытушылары «Nur Otan»  партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.