08.01.2020 жылы Жоғары медицина колледжінің оқытушылары мен студенттер мәжіліс депутаты Д.Қ.Мыңбаймен кездесті. Мәжіліс депутаты Д.Қ.Мыңбай Жоғары медицина колледжінің оқу ғимараттарының,  колледждің жатақханасы және материалдық-техникалық базасының заманауи үлгіде екендігін айтып, жастарға барлық жағдай жасалғандығына тоқталды.  Д.Қ.Мыңбай Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде осы жиынға келгенін айтты. Жиын барысында оқытушылар 2019 жылы 30 желтоқсанда қабылданған «Педагог мәртебесі» Заңы туралы, студенттер ҚР –ң Президенті жастарға үлкен қолдау көрсетіп жатқанын сөз етті. Бүгінгі кездесу саяси тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және ел азаматтары алдындағы биліктің жауапкершілігі жоғары болатындығын көрсетті.