Колледжде 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа буын студенттері арасында көркем өнерпаздар сайысы өтті. Студенттер 4 номинация бойынша жарысты: «Саз әлеміне саяхат» ән номинациясы, «Сырлы биім – елге сыйым» би номинациясы, «Жыр оқимын жүрегіммен» және «Күй шежіре» номинациялары.        Жеңімпаздар Мадақтамалармен (грамота) марапатталды және оларға студенттер кәсіподақ ұйымы бағалы сыйлықтар тапсырды.