Шәбден Жадыра Рахманқұлқызы  химия пәнінің оқытушысы,  қалалық  Білім басқармасының  ұйымдастырумен өткізілген сайысқа қатысып, қаладағы  26 мың педагог арасынан 12 ұстаз  үздік деп танылып, Республикалық жарысқа жолдама алған болатын. Республикалық  жарыста  үздік  деп танылған  ұстаз Ж.Шәбденге  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог-2020» төс белгісі мен 1000 АЕК қаржы көлемінде сыйақы берілді. Шымкент қаласының  әкімі Мұрат Әйтенов «Үздік педагог -2020» байқауының  қатысушыларын  қабылдап, педагогтар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап қаланың мерейін көтерген ұстаздарға шынайы алғысын  жеткізіп, ризашылығын білдірді.