«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті» қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, ашықтық қағидаттарды енгізу бойынша көптеген жұмыс атқаруда. Соның бірі «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі.

        4 қараша күні «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы Жанина Бейсенбаева мен «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сабира Байзахова колледж қызметкерлерімен кезде суөткізді. Кездесу кезінде қатысушыларға парақшалар таратылып, колледж қабырғаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы мәлімет ілінді. Кездесуде барлық санитарлық нормалар сақталды.