Ең алдымен, әрқайсымыз санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндеттіміз. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқанымыз жөн болар. Қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдалануымыз керек. Үйімізді (жұмыс орнымызды) таза ұстауға тырысуымыз керек: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырғанымыз дұрыс.Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрнымыз бен аузымызды бір реттік сулықтармен жабуымыз керек. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбағанымыз жөн болар.