2-арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары  арнайы  пәндерді  оқытуда қашықтықтан білім берудің өзекті тұстарының қыр-сырларын меңгеруде. 

       Пәнді оқыту барысында кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Ол оқытушының шеберлігіне байланысты.

     Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың оқу жұмыс бағдарламасын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен ұштастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді.

      Қашықтықтан оқыту барысында әр бір оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, оларды іс жүзінде орындауы шарт. Қашықтықтан оқыту барысында  білікті ұстаздың шығармашылығы шыңдала түсері анық.