ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

Вируспен күресудің жалғыз жолы — екпе салдыру

Высший медицинский колледж Шымкента > Вируспен күресудің жалғыз жолы — екпе салдыру

Екпені не үшін алу қажет?

Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн.

Екпенің қандай қарсы көрсеткіштері бар?

Кез-келген басқа дәрі-дәрмек сияқты, коронавирустық вакциналардың да қарсы көрсетілімдері бар. Сондықтан препаратты қолдану, пайдадан гөрі көп зиян тигізуі мүмкін. Әрбір нақты вакцинаның өзіндік қарсы көрсетілімдер тізімі бар. Бірақ олардың ешқайсысы кәмелетке толмағандарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ ауыр аллергиялық реакцияларға бейім адамдар арналмаған. Сонымен қатар, белгілі бір вакцинаның компоненттеріне жеке төзбеушілік болуы мүмкін, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Мұндай жағдайларда сізге басқа препарат ұсынылады.

Вакцина салдырмас бұрын нені ескеру керек? Қандай да бір шектеулер бар ма?

Вакцина кез-келген созылмалы ауруы бар адамдарға ұсынылмайды. Өршу сатысындағы (онкологиялық науқастарды қоса алғанда) немесе кез-келген басқа белсенді түрдегі инфекциясы бар, дене қызуы көтерілген адамдарға екпе салдырмаған жөн. Кейбір гормоналды препараттарды қабылдау вакцинаның тиімділігін төмендетеді, бірақ оған кедергі келтірмейді. Егер екпе салардан бір немесе екі күн бұрын сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, вакцинаны кейінге қалдырған дұрыс.

Вакцинациядан кейін не істеу керек? Не рұқсат етіледі, не істеуге болмайды?

Екпені ағзаға енгізгеннен кейін, қауіпті аллергиялық реакция мүмкіндігін болдырмау үшін дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт өткізу керек. Алайда осыдан кейін де күн соңына дейін көлік жүргізбеген абзал.

Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін?

Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшықеттерде аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін. Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакцинацияланған адам басқаларға қауіп төндірмейді.

«Коронавирус инфекциясымен бұрын ауырдым. Маған вакцина салғызу керек пе?»

Вакцинация әлі ауырмаған (немесе симптомсыз ауырған, бірақ бұл туралы білмейтін) адамдарға ұсынылады. Егер сіз соңғы алты айда Covid-19 инфекциясын жұқтырғаныңызды нақты білсеңіз, екпені әлі жасамай кем дегенде екі ай күткеніңіз дұрыс. Егер сізде коронавирустық инфекция болған деп күдіктенсеңіз, бірақ Covid-19 диагнозы расталмаған болса, вакцинация алдында ағзадағы антиденелерді тексеріп көріңіз. Алайда, антиденелердің болуы қорғаныс кепілі емес екенін есте ұстаған жөн. Ғалымдар әлі күнге дейін антиденелердің қандай деңгейі сенімді иммунитетті қамтамасыз ететінін білмейді. Covid-19 инфекциясымен күресте негізгі рөлді антиденелер емес, жасушалық иммунитет атқарады деген нұсқа бар: еске сақтау жасушаларының көмегімен ағза инфекцияны есіне сақтайды және вируспен кездесуде қажетті антиденелерді тез шығарады.

Жоғары медицина колледжінің оқытушылар мен білім алушылары елімізде коронавирус індетін алдын алу шараларына белсенді қатысуда.  Колледж оқытушылары мен студенттері, қызметкерлері вирусқа қарсы екпе науқанына қатысушылардың алғашқылары болып, екпе салдыруда.

Leave a Reply