Садырбаева Замира Калиевна
Кітапхана
Өркениеттің ең маңызды, мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты- кітапхана болса, кітап- адамзат мәдениетінің бірегей туындысы.
Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы.
Колледж кітапханасы осы оқу орнының орта буын медициналық қызметкерлер даярлау ісіне қатысатын маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ол кез-келген бөлімшесі секілді осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Колледж тарихына үңілсек, біздің кітапхана өз бастауын сонау алыстағы 1930 жылдан бастаған. Кітапхана жатақхана ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Кітапхананың жалпы көлемі 294 кв м.
Кітапхана аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін сағат 9-дан, кешкі 18-ға дейін жұмыс істейді.
Кітапхана мақсаты:
Колледждің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде өзінің бірегей көп салалы кітап қорымен оқу, тәрбие үрдістерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Оқушылар мен оқытушыларға, қызметкерлерге ақпарат қажеттіктеріне сәйкес толық әрі ұтырлы кітапхана және ақпарат қызметін көрсету;
Пайдаланушылардың білім және кәсіби қажеттіктертерін қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету.
Кітапхана пайдаланушыларға абонементте, оқу залында, электронды оқу залында қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған жан-жақты және бай кітап қоры- бұлар оқулықтар, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттер, анықтамалық – библиографиялық құралдар, энциклопедиялық басылымдар, әртүрлі көркем әдебиет, жаздырып алынатын мерзімді басылымдардың үлкен көлемі.
Кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыруды көздейтін «ИРБИС-64» бағдарламасы негізінде электорондық каталог жасалған. Электрондық каталогтың деректер базасына 50000 кітап енгізілген.
Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Мысалы. Әңгімелесу, қарым-қатынас сағаты, оқырман конференциясы, көрмелер, шолулар және басқа да іс-шаралар.
Абонемент.
Абонемент оқырмандарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапхана абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
– оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
– студенттер мен оқытушыларға және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
– қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
– оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.
Оқу залы.
Колледж білім алушыларының білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік беретін және едәуір уақытын өткізетін жері. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер, мерзімді басылымдар жинақталған. Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
– пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық
қызмет көрсету;
– ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
– оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
– анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
– ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.
Оқу залында білім алушылар мен оқытушылар басылымдардың жаңалықтарымен танысып, реферат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады.
Мерзімді басылымдар бөлмесі
Кітаппен жабдықтау проблемасын шешудің тағы бір маңызды жолы мерзімді басылымдарға жазылу болып табылады. Жазылымды рәсімдей отырып кітапхана колледждің профилі бойынша арнаулы газет-журналдардан басқа оқырмандарға қажетті ғылыми-көпшілік, көркем, танымдық басылымдардың да болуы тиіс екенін ескереді.
Электрондық оқу залы.
Оқытушылар мен білім алушыларға жүйелі түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.
Электронды оқу залы 18 компьютер, 8 планшет, кітап сканері, ксерокс, сервермен жабдықталған. Электронды оқу басылымдарымен кітапхананың қоры толықтырылып отыр.
Электрондық оқу залының мақсаты кітапхана қызметінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету. Бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істеу, интернет ресурстарын жүйелеу, түрлі электрондық қызметтер көрсету, және бөлімнің электрондық түрдегі қорын байыту.
Дәстүрлі және дәстүрлі емес ақпараттық жүйелерді пайдалану құжаттарды электрондық тасымалдау мүмкіншілігін жасай отырып, интернет жүйесін пайдалануға жағдай жасау көзделген. Кітапхана оқырмандары электронды сөздіктерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, CD-ROM-дар мен DVD ақпараттарды пайдалануларына болады.
Электрондық оқу залы бөлімі қызметінің басты бағыты кітпаханаға пайдаланушылар үшін ақпараттарды кеңейтуге арналған ақпараттық қызметтердің жаңа формасын енгізу, бөлім қорын электрондық ресурстармен толықтыру.
Мырзатаева Гаухар Бахадировна
Мынбаева Гульхан Кенжебековна