Биботаева Жанар Тогайбаевна
Симуляциялық және кәсібиқұзіреттілік орталығы Жоғары медициналық колледждің құрылымдық бөлімшесі болыпта былады.
Жалпы ауданы: 560 шаршы метр
Кабинеттердің жалпы саны – 8, оның ішінде оқуға кабинеттері – 6, әкімшілік-көмекші кабинеттер – 2.
Жабдықталуы – 150 млн. теңгеден астам сомаға жетеді.
Симуляциялық орталықтың жабдықтарының саны – 50-ден астам, жалпы саны-85 дана.
Камералар саны – 16
Дебрифинг кабинетінде оқу-мониторингінің жиынтығы және интерактивті тақта бар. Жылу режимін сақтау үшін орталық 8 кондиционермен жабдықталған.
Колледждің орталығының бөлмелері заманауи механикалық тренажерлармен, муляждармен, фантомдармен, манекендермен, сондай-ақ пациентпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын үйренуге және болашақ маманның клиникалық ойлау негіздерін бекітуге мүмкіндік беретін пациенттер тренажерлерімен жабдықталған.
Орталықтың құрылымына терапия, педиатрия, хирургия, мейірбике ісі, акушерлік және гинекология сияқты пәндердің имитациялық кабинеттері кіреді. Қойма үй-жайы бар.
Орталық локальды компьютерлік желімен және білім беруді бақылау жүйесімен жабдықталған, соның арқасында практикалық дағдыларды үйрету мен машықтандырудың бүкіл процесі аудиторияларда орналасқан бейнекамераларға жазылып, талдаулар жүргізіледі, қорытындылау бөлмесіне таратылады, студенттер арасында манипуляциялар жүзеге асырылады.
Фармацевтикалық мамандардың практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи фармацевтикалық жабдықтармен жабдықталған «Оқу дәріханасы» жұмыс істейді. Оқу дәріханасының құрылымы нақты жұмыс істейтін қазіргізаманғы дәріхана ұйымдарының имитациялайды.
Орталықта орналасқан «Виртуалды анатомия» кабинетінде адамағзасының анатомиясын сандық форматтау мүмкіндік беретін «Пирогова» интерактивті анатомиялық сенсорлық үстелі бар. Бұл оқыту барысында адамденесінің барлық жүйелерін және әрбірағзаның қызметтерін патологиялардың әсерін зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.