«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) 1 тарау 9 тармақшасында көрсетілген «Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауыстыру осы оқу орнында орындардың босауына қарай оқу жылы ішінде жүзеге асырылады» қағидатына сәйкес, Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК қоғамдық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және жұмыс берушілердің өкілдерінен құралған 2021-2022 оқу жылының қабылдау комиссиясы мемлекеттік тапсырыспен бөлінген бос орындарға байқау жариялайды:
- 4S09130103 — «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігімен
- 09130100 — «Мейіргер ісі» мамандығына – 3 орын;
- 4S09130201 — «Акушер» біліктілігімен
- 09130200 — «Акушерлік іс» мамандығына – 1 орын;
- 09130100 — «Медициналық зертханашы»
- біліктілігімен 09130200 «Лабораториялық диагностика» мамандығына – 2 орын.
Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген:
— жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;- санатындағы азаматтардың құқығы басым болады.
Құжаттарды қабылдау: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 22, мекен жайы бойынша 2021 жылдың 2 қыркүйек сағат 12:00 -ге дейін жүргізіледі.