Қалай түсуге болады

Талапкер қалай түсуге болады

Шымкент жоғары медицина колледжі 1930 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері даярланып, олар Шымкент қалалық және Түркістан облысының медициналық ұйымдарыңда, сондай-ақ Республикамыздың түкпір-түкпірінде, жақын және алыс шетелдерде абыроймен еңбек етуде.

Педагогикалық ұжымда 132 оқытушы дәріс беруде, олардың 45%-дан астамы жоғары және бірінші санаттағы білікті мамандар.

Колледждің білім алушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конференцияларға, олимпиядаларға, конкурстарға және мәдени-көпшілік іс-шараларға, түрлі спорттық жарыстарға, КТК ойын-сауықтарына, көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып,үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.

Қаламыздың 30 медициналық ұйымдарымен тығыз байланыста кызметтес болып келе жаткан ШЖМК ұраны: «Шымкент жоғары медицина колледжінің білім алушыларын оқытып даярлау сапасы және орта буын медицина қызметкерлерін қайта даярлықтан өткізуді жақсарту арқылы – Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту»

Колледжде:

  • 51 оқу дәрісхана, 84 кабинет пен  16 зертхана
  • 3 компьютерлік технологиялар кабинеті
  • 2 жылжымалы мультимедиялық класс
  • 33 интерактивті тақта
  • 9 интерактивті панель
  • 16 мультимедиялық проектор
  • Білім алушыларға арналған электронды өзіндік дайындық кабинеті
  • Шағын баспахана
  • 2 лингафон кабинеті
  • 20 симуляциялық кабинеті
  • Egov кабинеті
  • 3D «Пирогов» анатомиялық интерактивті үстелі
  • Мультимедиялық проекторымен конференция залы
  • 76 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана
  • 2 медпункт
  • Тренажер залы бар

Медициналық мамандықтар бойынша бейінді пәндер:

Қазақ немесе орыс тілі

Қазақстан
тарихы

Биология

Химия

Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар өткізілуі тиіс:

Өтініш

Жеке бас куәлігі

Жеке бас куәлігінің көшірмесі

Білімі туралы куәлік (түпнұсқасы)

3x4 көлемді 6 фотосурет

№075-У нысаны бойынша медициналық анықтама

Білу керек

Конкурстың алдында медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тестілеуден өтеді.

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 21 маусымнан бастап жұмыс істейді.

Жұмыс уақыты: сағ 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Құжаттар колледждің қабылдау комиссиясында және «Электрондық үкімет» (Egov) веб-порталы арқылы қабылданады. Талапкерлердің ата-анасының немесе заңды өкілінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Біздің мекен-жайымыз