Студенттік парламент

Студенттік парламенттің мақсаты  мен   міндеттері

Студенттік парламенттің мақсаты: білім алушылардың  табысты  әлеуметтенуі және  өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ   туындайтын мәселелерді  білім алушылардың  өз  бетінше  шешуі  үшін  мүмкіндіктер жасау.

Студенттік парламенттің міндеттері:

  • Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
  • Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік – тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету;
  • Колледждің басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
  • Колледждің білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
  • Колледждің рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
  • Білім алушыларды колледждің қызметі туралы хабардар ету;
  • Қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы білім алушылар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;
  • Білім алушылардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады;
  • Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін колледжді басқаруға, бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасауға нақты мүмкіндік беру;
  • Мемлекет заңдарына, ұжымдық өмірді, адамдарға пайдасын тигізуге және достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарасын қалыптастыру;
  • Әрбір білім алушыны колледждің қоғамдық өміріне тарту;
  • Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлік ұжымдық және қызмет дағдыларын дамыту;
  • Колледжде Студенттік парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндетттерді шешуге бағытталған.

Студенттік парламенттің  жоғарғы  органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.

Студенттік парламенттің    қызметін колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің             ( ЖІЖ) инспекторы үйлестіреді.

Колледждің  әр тобынан  8 фракцияға депутаттар сайланады.

Колледж білім алушылары Студенттік парламент депутаттары  бола  алады.

Студенттік парламент 8 фракциядан тұрады:

  • Құқықтық және тәртіп фракциясы.
  • Ақпарат фракциясы
  • Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
  • Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология)
  • Қамқорлық фракциясы (еріктілік)
  • Мәдеинет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)
  • Дебат қозғалысының фракциясы
  • Экология және еңбек фракциясы

2023-2024 оқу жылында колледж Студенттік  парламент мүшелерінің тізімі.