Жатақхана

Біздің жатақхана

Біздің студенттік жатақхана жоғары медицина колледжі аумағында орналасқан. Жатақхана бес қабатты ғимараттың 3 - 4 қабаттарында орналасып, 204 орынға есептелген. Әр бөлмеде 4 адамнан тұрады. Жатақханада тренажер және акт залы, "Аристон" су жылытқыштарымен жабдықталған екі жуынатын бөлме, заманауи кір жуғыш машиналары бар кір жуу бөлмесі, кептіру бөлмесі жұмыс істейді. Әр қабатта ас дайындайтын бөлмелер мен тоңазытқыштар бар. Кітап оқу залы мен демалыс бөлмелері компьютер мен теледидармен жабдықталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары сәйкес 2022-2023 оқу жылында колледждің жатақханасына мұқтаж білім алушылар орналыстырылды. Колледждің жатақханасына орналастыру конкурстық комиссия жатақханадағы орындарды бөлуді негіздемелері мен кезектіліктігі ескеріліп, жүзеге асырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын жаңа қабылданған білім алушылар қатарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, барлық топтағы мүгедектік, аз қамтылған отбасы, бір асыраушысынан айрылған отбасы және ата-анасы барлық топтағы мүгедектігі бар, Қазақстанның басқа өңірлері мен Түркістан облысының шалғай ауданында тұратын білім алушылар орналастырылды. Колледждің жатақханаға орналастыру конкурстық комиссиясы ағымдағы оқу жылында тұрақты түрде жұмыс жасайды

Білім алушыларға жатақханада орын бөлу және тұру ережесі