Отделение «Стоматология»

Заведующий (ая)Байдуйсенов Паржан Койбагарович
Почтаdantist@shmk.kz
Номер+7 (7252) 53-09-10 (109)
Кабинет2 этаж 210 кабинет

Заведующий отделением «Стоматология»

«Стоматология»  мамандығы  «Дантист» біліктілігі бойынша орта буын мамандар дайындау 1953 жылы ашылған тіс-дәрігерлер  бөлімшесі базасында 1999 жылдан бастап іске асырылуда.          Қазіргі таңда 09110100 «Стоматология»  бөлімінде екі мамандық Стоматология 4S110100 «Дантист»  және 09110200 «Ортопедиялық стоматология» 4S09110201 «Тіс технигі» біліктілігі бойынша дайындауда.

Стоматология бөлімі мамандық бойынша стоматологиялық құрал-жабдықтармен, аппараттармен, пломбалық материалдармен жабдығталған.  Өқу-өндірістік, кәсіптік тәжірбиелер облыстық және қалалық стоматологиялық клиникаларда өтуде.Қазіргі таңда білім беру бағдарламасын арнайы пәндер бойынша жоғары және бірінші дәрежелі оқытушылар іске асыруда.  

Бітіруші түлектер еліміздің барлық Стоматологиялық клиникаларында   «Дантист» мамандығы бойынша  емдеу-сауықтыру мекемелерінде, фельдшер-акушерлік пунктерде, ауылдық-дәрігерлік амбулаторияларда стоматологиялық көмек көрсету және  емдеу-профилактикалық шараларын жасайды.

11.04.2023 ж. Стоматология  бөлімінің жоспарына сәйкес бітіруші  білім алушылары арасында“Үздік  дантист 2023” атты конкурс өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша  Бас жүлдемен ДТ 20 “Б” тобының білім алушысы  Құдайберген Тұрлыбек марапатталды.

06.04.2023 жылы   Шымкент қаласы  ДСБ ШЖҚ  «Жоғары медицина колледжі»   «Стоматология»      бөлімінің оқытушылары  Б. Н.Тлеппаев және К. С. Спабековтің ұйымдастыруымен   РФ «Аверон» компаниясы өкілдерімен «Шаг вперед» атты сайыс өтті. Сайысқа  «Стоматология»  бөлімінің Сайыстың  ережесі бойынша білім алушылар арасында  «Тістерді балауызбен мүсіндеу» тақырыбында Х–шы  Халықаралық кәсіптік іріктеу кезеңі өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды және марапатталды.
Бас жүлдені ЗТ-21 «А» тобының білім алушысы   Егембердиев Нышанәлі Абдырахымұлы.