2023 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Шымкент қ. ДСБ «Жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК-нің арнайы пәндер оқытушылары білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Өзбекстан Республикасының медициналық техникумдары мен колледждерінің оқытушылары үшін оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын көрсете отырып, шеберлік сыныптарын өткізді.
Шеберлік-сыныптар жұмысына екі жақтың басшылары, оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Шеберлік-сыныптары келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
— «Жүрек — орналасуы, құрылымы, қызметі. Қан айналымының үлкен және кіші шеңбері» (проблемалық дәріс — оқытушы Биботаева Ж. Т.).
— «Жүрек-қан тамырлары аурулары. ЭКГ қою техникасы және оның нәтижелерін түсіндіру» (TBL, PBL, TED әдістерін қолдана отырып, тәжірибелік дағдыларды пысықтау — оқытушы Абдукасымова З.Н.).
— «Десмургия» (TBL әдісін қолдана отырып, білім алушылардың өзіндік жұмысы — оқытушы Петраковская И.В.).
Ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар білім беру процесіне тиімді инновациялық технологияларды енгізумен танысуға мүмкіндік ала отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында бәсекеге қабілетті мамандарды табысты даярлаудың кепілі болып табылатындығы туралы бірауыздан пікірге келді.
Шеберлік-сыныптардың қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының медициналық техникумдары мен колледждерінің басшылары мен оқытушылары алғыстарын айта отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниеттерін білдірді.