ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ

Высший медицинский колледж Шымкента > Новости > «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ

Құрметті әріптестер, қадірлі оқытушылар!

Ұстаз! Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын. Тек, ұлтым деген ұстаздар ғана «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болып» (С.Торайғыров), қазақ баласының санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйса ғана келешегіміз кемел. Иә, кәсіби білікті, нағыз ұлтжанды ұстаздар ғана намысшыл ұрпақ, білімді білім алушы тәрбиелесе, ол – мемлекетшіл тұлға қалыптастырудың алғышарты.
Ұлағатты ұстаз, парасатты педагог, майталман маман атануы – Тәңірінің маңдайына жазған ең ұлы сыйы. Ұстаз деген ұлы есімді арқалаған жанның ең жоғарғы алғыс пен марапатқа, мойындауға лайық екені рас.
Ұстаздардың ұлы істерін бір күн емес мың күн айтып тауыса алмайтынымыз анық. Сондықтан да, ұстаздарға ұлы істеріңізбен тек биіктерден көріне беріңіздер деп тілек тілейміз.
Жас мамандарды тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбектеніп, ағартушылық қызметті абыроймен атқарып жүрген және зейнет демалысындағы педагогтер қауымына шынайы ризашылығымды білдіре отыра, әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер, мерейлеріңіз үстем болсын!

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ “Жоғары медицина колледжі” МКК директоры Абишев Ғалымжан Мотайұлы