ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

День открытых дверей 2023 год

Высший медицинский колледж Шымкента > День открытых дверей 2023 год

Мектеп бітірушілеріне кәсіби бағыт беру

2023 жылғы 13 сәуір – 15 мамыр аралығында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінің түлектеріне үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді: «Қайда оқуға барасың?» тақырыбында кәсіби бағыт – бағдар жүмыстары жүргізілді.

2022-2023 оқу жылының кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек аудандарында  және Арыс қаласында,  Шымкент қаласындағы  27 жалпы орта мектептерінің түлектеріне колледждегі мамандықтар бойынша мәліметтер берілді. Оқушылар колледж туралы бейнороликтер көріп, біраз мағлұмат алды. Одан басқа, оқушыларға колледж туралы брошюралар таратылды.

Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін колледж оқытушылары  жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына-мектептерге  барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізді.

Біздің колледждің білікті оқытушылары  ашық есік күніне келген №49, №45, №135, №83, №129, №87, №14 мектеп оқушылары кездесу өткізді. Worldskills кезінде мектеп оқушылары симуляциялық орталықта болып, колледжің білікті оқытушылары мектеп окушыларына  жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізді.