ГКП на ПХВ «Высший медицинский колледж»
управления здравоохранения г. Шымкент

Жарайсын Тамирис Сергеевна!

Высший медицинский колледж Шымкента > Новости > Жарайсын Тамирис Сергеевна!

2023 жылдың 13 қазаныңда Жамбыл жоғары медициналық колледжі базасында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында медициналық колледждерінің І — ІІ курс өзге ұлт студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» тақырыбында республикалық байқауы өтті.

Біздің колледждің атынан МБ 23 «Л» тобының білім алушысы Т.Чжен қатысып, қазылар алқасының шешімімен 2-ші орынға иеленді.

Колледж ұжымы мен білім алушылар Т.Чженді және оның жетекшісі кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы Г.Дарибаеваны байқаудағы жеңісімен құттықтайды!

Жастар арасында қазақ халқының төл өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу, бір-біріне деген инабаттылығын, парасаттылығын, сыйластығын, ата-баба дәстүрлерін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу және қазақ халқы әдебиетіндегі ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттауда әрқашан алға жылжуды, кез-келген шыңдарды бағындыруды тілейміз!