1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын мамандығы бойынша 1991-2002 ж.ж. Шымкент қаласы №2 балалар емханасының аймақтық педиатры қызметінен бастады. 2002-2008 ж.ж. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмысты үйлестіру бөлімінің бас маманы, 2008 жылы Жоғары медицина колледжіне әдіскер қызметіне қабылданды. 2009 жылы әдіскер қызметінен бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатты дәрігер. 2019 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.