Ташкенбаева Ботагоз Тлектесовна

bacalavr@shmk.kz
+7 (7252) 53-09-10 (115)
4 этаж 417 кабинет

Ташкенбаева Ботагоз Тлектесовна

"Қолданбалы бакалавр" біліктілігімен мейіргер ісінің меңгерушісі, мейіргер ісі бағыты бойынша медицина ғылымдарының магистрі

Өмірбаян

1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия»  мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын мамандығы бойынша 1991-2002 ж.ж. Шымкент қаласы №2 балалар емханасының аймақтық педиатры қызметінен бастады. 2002-2008 ж.ж. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмысты үйлестіру бөлімінің бас маманы, 2008 жылы Жоғары медицина колледжіне әдіскер қызметіне қабылданды. 2009 жылы әдіскер қызметінен бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Ресей Федерациясы мен Финляндия мемлекеттері ұйымдастырған «Орта буынды медицина қызметкерлерін дайындаудағы инновациялық педагогикалық әдістер» тақырыбында біліктілігін арттырды. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатты дәрігер. 2019 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Марапаттар

  • 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
  • 2021 жылы ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапатталған.
  • 2021 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медицина қызметкері күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.